Әр сауал жауапсыз қалмауы керек
Әр сауал жауапсыз қалмауы керек
373
оқылды

Nur Otan партиясының саяси кеңесі партия бағытын ғана емес, ел дамуына үлес қосатын факторларды атап берді. Қостанай облыстық мәслихатының Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі Екатерина Смышляева саяси кеңес пен депутаттық мандаттың арасындағы байланыс жайын айтты. Депутат сөзінше, халық пен партияны байланыстыратын – сенім.

Партияның саяси кеңесі, жи­налыстар – маңыз­ды шара. Өйт­­кені онда қоғамның түйт­кіл­ді мәселелері талқыға түсе­ді. Елбасы айтқандай, кішкене мәселе дейтін ұғым жоқ. Бар­лы­ғы жіті қа­дағалауда болуы ке­рек. Бұл партия құры­лы­мы­­на, модернизациясына әсер ете­ді. Партияның ай­мақтық фи­лиалдары осы бағытта жұ­мыс іс­тейді.

Еліміздің әр өңірінде 33 фрак­ция депутаты бар. Олар табанды түрде белсенді жұмыс істейді. Осы­дан-ақ басты назар фрак­цияға аударылады. Ел­­ба­сы фракцияның жұмыс істеу фор­масын өз­гер­ту керегін айт­ты. Бұл парламент пен өңірлік фракцияға қатысты. Тұңғыш Пре­зидентіміз айтқандай, сай­лаушыларға жақындай түсеміз. Бұрын­дары сайлаушылар біз­бен байланысу үшін кезекке тұ­ратын. Қазір бәрі дистан­цион­ды түр­де жүзеге асады. Қа­зір Facebook, WhatsApp бас­­қа да әлеуметтік желі арқылы пі­кір білдіру­шілер көп. Әр сауал жауапсыз қалмауы керек.

Nur Otan-ның ерекшелігі – инфра­құры­лы­мын­да. Әр­түрлі әрі мықты. Кадрлық және ма­те­риал­дық базасы бай. Біз бар­лық өңірде нәтижелі жұмыс іс­тейміз. Қоғам тарапынан сын болуы тиіс. Сын болған жерде өсу бар. Әрбірінің үні Nur Otan-ға жетуі керек. Партия­ның артық­шы­лығы – тыңдай білуінде. Келешекті бағдарлай алатынында.

Біз қоғамға әр қырынан на­зар саламыз. Пар­тия­лық қа­да­ғалау күшейеді. Жан- жақты жұ­мыс жүр­гізуді негізге ала­мыз. Мәселе туындаса екі та­­рап­ты да тыңдаған дұрыс. Бұл – партия эти­касы. Біз бәріне объектив түрде қараймыз.

Менің депутаттық жұ­мы­сымның барысы – тө­меннен жо­ғары қарай. Алдымен, ауыл­дық жер­дегі мәселеге мән бе­ремін. Артынан аудан хал­­қы­ның арыз-шағымын қараймыз. Со­дан кейін қаладағы кем-ке­тік­ті түзеуге тырысамыз. Бә­рі­не тыңғылықты талдау жүр­гі­земіз. Арнайы схе­ма бойынша жүріп отырамыз.

Құрылымның сәтті жұмыс іс­теуі үшін кездесу өт­кізіп, ха­лық­ты тыңдаймыз. Көпшілігі адам саны 1000-нан асуы ке­рек, саны толуы тиіс дейді. Ме­ніңше, 2 адаммен сөйлесіп те, түйінді тар­қатуға болады. Ке­рі байланыс кезінде 2 000 адам айтпаған мәселе тал­қы­лануы мүмкін. Бас­тысы, мәсе­лені бірге шешуге тырысқан жан­ның ниетінде.

Мендегі күн қалай баста­ла­ды? Алдымен, ел мен жаһан жаңалығын оқимын. Сосын, әлеу­меттік желідегі өткір та­қы­рыптарды қараймын. Міндетті түр­де. Ол маңызды болмаса, қо­ғамда мұнша талқылауға түс­­пейтін еді. Шешу амалы қан­­дай, мұндай жағдай қай­талануы мүмкін бе, осы жағын ойланамын.

Қоғамдық қабылдау – фрак­цияның негізгі күші. Жы­лына қабылдау келушілер саны 7000-нан асады. Біз әрбір мә­селеден анализ картасын жа­сай­мыз. Мысалы, үй мәселесі бойынша 200 сұрақ, жәрде­мақы бойынша 150, медици­на­лық кө­мек бойынша 5 сұрақ. Осылайша, анализ кар­тасы дайын болады. Нақты қай са­лада жұмыс күшін жұмылдыру керегі айқын көрініп тұрады.

Маңыздысы – халық се­німіне ие болу. Се­нім­ге кіру үшін тыңдай білу керек. Мұ­ның қа­зіргі жастарға да қатысы бар. Қоғам жастарға се­німмен қарауға қорқады. Менталитет әсер етеді. Ықпалы бар адам айт­са, салмақты көрі­неді. Бел­гілі бір фактор бойынша бұл дұ­рыс бо­лар. Алайда жастар­дың партияда, қоғамда қа­лып­­тасуы үшін сенім артуымыз қажет. Жаңадан бас­тайтын адам­ға бәрі қиын. Біз үйрет­пе­сек, сенім артпасақ жас толқын жігері жасиды. Олар­дың үлес қоссам, дамысам, жетістікке жет­сем деген рухын көтеруіміз керек. Мәжілісті, мәс­лихатты партиялық тізіммен сайлауды ман­дат алу емес, халыққа бір табан жақындау деп қабылда­ған жөн.

Партия – бұл тәртіп. Пар­тия тапсырма бере­тін орталық. Пар­тия – платформа. Көрсет­кіш, қадағалау, нәтиже. Сон­дықтан партия артқан се­німді орындау – міндетіміз.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ