Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алады?
Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алады?
381
оқылды
2020 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 212035 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 113,7%, ал нақты жалақы индексі 106,5% құрды. Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 443,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 386,8 мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 273,2 мың теңге (1,3 есеге асты), көлік және жинақтау саласында – 233,6 мың теңге (1,1 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 127,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 40% %-ға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 386,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Қазақстан облысында мұның шамасы 159,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,9%-ға төмен.