Джохар Царнаевқа қатысты өлім жазасы сот үкімімен тоқтатылды
Джохар Царнаевқа қатысты өлім жазасы сот үкімімен тоқтатылды
фото: ашық дереккөз
328
оқылды
Апелляциялық сот Бостон марафонындағы жарылыс үшін кінәлі деп танылған Джохар Царнаевқа қатысты үкімді тоқтатты, - деп хабарлайды РИА Новости. "Джохар Царнаевқа қатысты өлім жазасы 4, 5, 9, 10 және 14-ші тармақ бойынша тоқтатылды, іс үкім шығару бойынша жаңа процесті жүргізу үшін аймақтық сотқа берілді", - делінген соттың үкімінде.
Сот Царнаевты қылмыс кезінде қаруды заңсыз алып жүруге байланысты үш қосымша айыптау бойынша үкім шығарған судьяның әрекеті қате екенін айтты.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп өлім жазасын жоюды "күлкілі" деп таныды. Еске салайық, 2015 жылдың басында Джохар Царнаев Бостондағы үш адам қаза тауып, 260 адам жарақат алған лаңкестікке байланысты айыпты деп танылған болатын. 15 мамырда алқа соты оны  өлім жазасына кескен болатын. Бостондағы теракт кезінде қаза тапқандар: 8 жастағы Мартин Ричард, 29 жастағы Кристайл Кэмпбелл және 23 жастағы Линцзу Лу.