Тамызды айында ауа райы қандай болады?
Тамызды айында ауа райы қандай болады?
фото: ашық дереккөз
278
оқылды
"Қазгидромет" тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Күннің ұзақтығы тамыз айында солтүстік облыстарда 2 сағатқа, оңтүстік облыстарда 1 сағат 20 минутқа қысқарады, дейді мамандар. Еліміздің басым бөлігінде орташа айлық температура тамызда шілде айынан +2+2,5°С, ал оңтүстік облыстарда 1°С төмен. Қазақстанның солтүстігінде +16+20°С болады, ал оңтүстікте +27+29°С дейін жоғарылайды. "Тау бөктеріндегі аудандарда биіктеген сайын ауа температурасы +24°С дан (теңіз деңгейінен 450 м биіктікте) 7,5°С дейін (3 км биіктікте) төмендейді", - дейді синоптиктер. 2020 жылғы тамыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде, сонымен  қатар Алматы облысының тау және тау бөктерлі аудандарында - нормадан көп, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде - нормадан аз болады. «Тамыздың бірінші онкүндігінде тұрақсыз ауа райы циклондармен, атмосфералық фронттармен байланысты болады, олардың өтуі қысқа мерзімді жауын-шашынға, батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда күшті жауын-шашын, сондай-ақ желдің күшеюіне әкеледі. Найзағай құбылыстары мен бұршақтың түсуі шілде айына қарағанда аз болады деп күтіледі», - делінген Қазгидрометтің ақпаратында. Ал екінші және үшінші онкүндіктерде жаңбырлы және салқын күндер ыстық және бұлтсыз күндерге ауысады. Еліміздің солтүстігінде ауа температурасының ауытқуы түнде +12+20°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+30°С-тан +15+23°С-қа дейін, ал оңтүстігінде және батысында түнде +15+23°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +30+39°С-тан +23+30°С-қа дейін күтіледі.