Шереметаның бапкері Геннадий Головкиннің дайындығы туралы айтты
Шереметаның бапкері Геннадий Головкиннің дайындығы туралы айтты
фото: ашық дереккөз
292
оқылды
Польшалық боксшы Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) тәлімгері Федор Ляпин спортшының келесі қарсыласы - қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) жаттығу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz. «Біз қаңтар немесе ақпан айларында жекпе-жекке дайындалып жүргенде Головкин тіпті жаттыққан да жоқ. Біз мұны білеміз. Бірақ біз Головкиннің онсыз да үлкен шебер екенін және ол басқаша жұмыс жасайтынын жақсы түсінеміз. Бізге оны қабылдауға және өз мүмкіндігімізді күтуге тура келді», — деді Ляпин. Әу баста Головкин-Шеремета жекпе-жегі ақпан айына жоспарланған болатын. Бірақ Геннадийдің жарақатына байланысты, содан кейін АҚШ-та және әлемнің көптеген елдерінде коронавирус пандемиясының басталуына байланысты кейінге шегерілген болатын. Енді жекпе-жек қазан айында өтеді деп жоспарланып отыр, ал нақты өтетін күні жақын арада жарияланады.