Мессиді оңбағанға теңеген «Барселона» қорғаушысы кешірім сұрады
Мессиді оңбағанға теңеген «Барселона» қорғаушысы кешірім сұрады
312
оқылды

Ол Испания чемпионатында 24 матчта ойнап, 3 гол соқты

«Барселона» қорғаушысы Хуан Фирпо өзінің командаласы Лионель Мессиден оны балағаттағаны үшін кешірім сұрады.

Футболшы аргентиналық ойыншыны Твиттер әлеуметтік желісінде кінәлап пікір қалдырған. Фирпо осы жазда «Бетистен» ауысып келген болатын. Осы трансферден кейін оның сонау 2012 жылы желіде Месси туралы жазған посты табылды.

2012 жылы 15 жаста болған футболшы бір ғана соққымен Мессидің екі аяғын сындырып тастайтынын айтып, сондай-ақ болашақ командаласын «оңбаған» деп жазған.

973a0036512292970c2d339128719bae5d46c1d67abcb968567847.jpg

«Мұнда тұрған ештеңе жоқ. 15 жасыңда сені ешкім білмейді және ол жасыңда қай деңгейде ойлайтының бәріне аян. Сол кезде айтқаның бірнеше жылдан өзіңе әсер ететінін, алдыңнан шығатынын ойламауың мүмкін. Мен Мессидің алдында кешірім сұрауым керек және оны еш қиналмай істеймін. Ол бұған мән беріп те жатпайды. Мен ол кезде «Бетис» академиясында оқитын кішкентай бала болатынмын» дейді Фирпо.

Хуан Фирпо былтыр Испания чемпионатында 24 матчта ойнап, 3 гол соқты. Қазіргі таңда оның трансферлік құны – 18 млн еуро.

Оқи отырыңыз: 


Аңызға айналған футболшы президент атанбақ