Қытайдан жіберіліп жатқан біртүрлі сәлемдемелерге қатысты ақпарат жарияланды
Қытайдан жіберіліп жатқан біртүрлі сәлемдемелерге қатысты ақпарат жарияланды
© Sputnik
5,297
оқылды
Қытайдан АҚШ-қа ішінде тұқымдар бар күмәнді сәлемдемелер жіберіліп жатқаны хабарланған болатын. Елдің ауыл шаруашылығы министрлігі олардың қауіпсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz. "Ведомство өкілі тұқымдардың жалбыз сынды дәрілік шөптер екенін айтты",  делінген Business Insider ақпаратында. Шілде айының соңында АҚШ, Канада және Ұлыбритания тұрғындары тапсырыс бермеген сәлемдемелер келіп жатқанын хабарлаған болатын. Олар Қытайдан жіберілгені көрсетілген. Бұл сәлемдемелер балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы керек екені ескертілген болатын. Алайда қауіпсіз екені анықталды.Бұл интернет-дүкендер сатушыларының ісі деген болжам жасалынып отыр. Өйткені жеткізілген тауар көлемінің көп болуы сатылымды арттырады. Сондықтан олар осындай тапсырыс берілмеген сәлемдемелерді жібере бастаған.