Қасақана қойылған өрттен мал қырылды
Қасақана қойылған өрттен мал қырылды
350
оқылды

Жүз бас ұсақ мал мен сегіз ірі қара тірідей жанып кеткен.

Төтенше жағдайлар бойынша облыстық департаменттің Азаматтық қорғаныс саласындағы апаттар қаупін азайту және бақылау бөлімінің басшысы Ерлан Төрегелдиевтің сөзінше өрт қасақана қойылған.

«Өрт түнде, 24 тамызда болған. Өрттің аумағы 2 450 шаршы метрді құрады. 162 тонна шөп жанып кеткен», - деді ол. 

Соның кесірінен, Батыс Қазақстан облысы Жанғалы ауданындағы шаруашылық аумағында жүз қой мен сегіз қара мал қырылып қалған. Осыған ұқсас жағдай 25 тамызда Бәйтерек ауданындағы Достық ауылында болды. ЖШС аумағында 200 тонна шөп өртеніп кеткен.