«Қиындық артта қалды» – Алексей Цой елде эпидемиологиялық ахуал жақсаратынын айтты
«Қиындық артта қалды» – Алексей Цой елде эпидемиологиялық ахуал жақсаратынын айтты
Фото: Интернеттен алынды
264
оқылды
«Қиын кезең артта қалды десек болады. Ең алдымен еліміздегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтсам, қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92 262 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай, 1058 адам қайтыс болды. Бүгін де коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді. Мысалы бір тәулікте COVID-ке шалдығу деңгейі – шамамен 1400 адам. Ауруханаларда дәрі-дәрмек жеткілікті», – деді Алексей Цой. Министрдің айтуынша, COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған елу екі мың төсек орын бар. «Әрине бұл нәтижелер мемлекет тарапынан қолданған іс-шараларын қоғам дұрыс түсініп қабылдауының арқасы», – деді министр.