Тамыры тереңге кеткен жемқорлықтың бүгінгі деңгейі алаңдаушылық тудырып отырғаны орынды. Бұл жағдаймен еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті кездесіп тұрады десек, артық айтқандық емес. Сыбайлас жемқорлық - заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті. Жемқорлықтың тамырына көпшілік болып күрескенде ғана балта шабатынымыз белгілі.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз қоғам мен мемлекеттің құлдырауына әкеп соғатын кері әлеуметтік құбылыспен күресу. Жақында ғана мемлекеттіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарастырылған жауапкершілікті қатайтуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін жағдай тудыратын нормаларды алып тастауға бағытталған түзетулер енгізілді.
Біздің мемлекетіміз басқа да елдер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізеді. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері бойынша заңнаманы қабылдаған және осы мәселелер бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған, ТМД мемлекеттері ішіндегі алғашқылардың бірі болды.
Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіндегі және азаматтар мен қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудегі күштерін үйлестіруді арттыру үшін «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» өкілімен өзара ұйымдастырылған бірлескен семинар – кеңестер өткізіледі.
А. Қайырлыков,
Алматы қаласы Әділет департаментінің
персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік
бөлімінің бас маманы