Ғабидолла Nur Otan партиясының хатшысы болып тағайындалды
Ғабидолла Nur Otan партиясының хатшысы болып тағайындалды
309
оқылды

Ғабидолла Оспанқұлов Nur Otan партиясының Хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек twitter-дегі парақшасында жариялады.

«Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың келісімімен Ғабидолла Оспанқұлов Nur Otan-ның Хатшысы болып тағайындалды. Партияны қайта жандандыру аясында оның білімі мен мол тәжірибесі Nur Otan-ның идеологиялық саясатын күшейтіп, жастармен жұмысқа тың серпін береді деп сенемін» – деп жазды Б.Байбек.

Ғабидолла Оспанқұлов 1981 жылы дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін бітірген. 2015 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Бирмингем университетінің (Ұлыбритания) магистр дәрежесін алған. Әр жылдары  ҚР Парламент Сенаты депутатының көмекшісі, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен байланыстар бөлімінің бас консультанты, ҚР Президенті Әкімшілігінің Парламенттегі Президент өкілдігінің сектор меңгерушісі, Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2017 жылы қазан айында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.