Коронавирустың күзгі өршу кезеңінен жақсы өтіп кетеміз деп үміттенеміз - Цой
Коронавирустың күзгі өршу кезеңінен жақсы өтіп кетеміз деп үміттенеміз - Цой
© сурет интернеттен алынды
237
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде күзде коронавирусты жұқтыру шарықтаған жағдайға министрлік жағдайды бақылауда ұстауға толық дайын екенін айтты. Оның айтуынша, қазір Қазақстанда коронавирус инфекциясына қатысты жағдай "толықтай бақылауда".
"Біз індеттің тағы бой көтеруі ықтимал жағдайға дайындалудамыз. Қосымша ашылған төсек-орындар қазір резервте тұр, жасанды тыныс алу аппараттары сатып алынып жатыр, жылжымалы медициналық кешендеріміз де бар, оттегі концентраторлары, тесттер, жеке қорғаныс құралдары - бәрі бар, қажетті көлем жинақталуда, сондықтан бұл реттегі жағдайлар толығымен біздің назарда. Менің ойымша, күзгі індеттің өршуі кезеңінен жақсы өтіп кетеміз деп үміттенеміз", - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр карантинннің арқасында Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын айтқан болатын.