Жалпыұлттық коалиция жұмысын тоқтатты
Жалпыұлттық коалиция жұмысын тоқтатты
333
оқылды

«Қазақстан – 2050» жал­пыұлттық демократия­лық күштер коалициясы жұ­мысын тоқтатты.

Бұл тура­лы аталған коа­лиция­ның соңғы отырысында Nur Otan партиясы Төрағасының Бірін­ші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. 

– Коалиция құрылған 8 жыл­дың ішінде «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын қолдау үшін елі­міздің жетекші қоғамдық күш­терін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемле­кеттік бағытын жақтаушыларды жа­нына топтастырды. Осы жылдар ішін­де коалиция жалпыұлттық диа­логты қамтамасыз етудің және ел дамуының маңызды мәселелері бойынша ортақ мәміле тетігінің пәр­менді құралына айналды. Коа­ли­ция мүшелері елдің маңызды нор­мативтік құқықтық актілері мен бағдарламалық құжаттары бойын­ша тиімді ұсыныстарын айтып отырды. Әсіресе, Кәсіп­одақ­­тар туралы заң жобасы, Жер ре­формасы, Дуалды кәсіптік-тех­никалық білім беру жүйесі және т.б. мәселелер көтерілді. Отырысқа Үкі­мет мүшелері қатысып, ат­қарыл­ған жұмыс бойынша есеп беріп, ұсыныстарды басшылыққа алып, тиісті шешім қабылдады. Сон­дай-ақ қосымша тәуелсіз са­рап­шылар тартылып, қоғам үшін маңыз­ды сұрақтар бойынша тал­қы­лау­лар ұйымдастырылды. Оң нә­тижелер болды. Көп өзгеріс орын алды. Бірнеше заңға қол қойыл­ды. Біздің әріптестер де өңір­лік коалициялар аясында бір­неше маңызды сұрақтарды кө­тере отырып, тиісті шараларды іс­ке асыр­ды, – деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар Nur Otan пар­тиясы Төрағасының Бірінші орын­басары осы кезеңде 20-дан ас­там мәжіліс өткізіліп, онда өзін-өзі басқаруды дамыту мен әкім­дер­ді сайлау бойынша реформалар, Еуразиялық экономикалық ода­ғын құру, «Қазақстан – 2050» стра­те­гиясының жүзеге асырылу бары­сы және Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары кеңінен тал­қыға түскенін атап өтті.

Аталған реформаның практикалық қадамдарының бірі – өткен жылы сайлау туралы жаңа заңның қабылдануы болды. Алдағы мәслихат сайлаулары партиялық тізім бойынша өткізілмек. Нәтижесінде, саяси партиялардың рөлі де арта түспекші. Бұл демократия индексі бойынша барынша дамыған 30 елдің және Батыс Еуропаның басым елдерінің үздік практикасы саналады. 

– Осы жерде 5 партияның, соның ішінде, 3 парламенттік партияның өкілдері отыр. Сайлау туралы жаңа заң партиядан жауап­кершілікті арттыру және сайлау­шылармен практикалық жұмысты күшейтуді талап етеді. Барлық партия оған белсенді дайын­далу қажет. Еліміздегі жетекші партия бұл жұмысқа дайындықты бастап кетті. Бұл орайда Nur Otan пар­тиясы Қоғамдық кеңесінің соңғы отырысында «Сенім. Диа­лог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы қабылданды, – деді Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Отырыс барысында Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы Демо­кратиялық күштердің «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық коалициясы жұмысының аяқталуы туралы ұсы­ныс жасады. Коалиция аясында басталған кең қоғамдық пікірталас Қазақстан Республикасы Прези­дентінің жанындағы Ұлттық қо­ғамдық сенім кеңесінің алаңында жалғасын табатын болады.


– Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – бұл ел дамуының маңызды сая­си мәселелері бойынша жал­пыұлт­тық диалогтың жаңа деңгейі. Бұл Кеңестің мәртебесі мен маңыз­дылығы Президент Қасым-Жо­март Кемелұлы Тоқаевтың тө­ра­ғалық етуімен расталады. Со­ны­мен қатар, кеңес құрамына пар­тия­лар мен ҮЕҰ өкілдері, қоғам қай­раткерлері, сарапшылар кірді. Nur Otan партиясы осы Кеңестің жұ­мысына белсене қатысады. Бюро мен Саяси кеңестегі тал­қы­лау­дан кейін біздің партиядан бір­қатар мәселелер енгізілді. Ары қа­рай біз өз ұсыныстарымызды әзір­леп, енгізетін боламыз. Коа­лиция­ның барлық мүшесін Қа­зақстанның одан ары дамуы үшін жалпыұлттық диалогты дамытуға үлес қосуға шақырамыз, – деді Бауыр­жан Байбек.

Басқосуда «Қазақстан – 2050» жал­пыұлттық демократиялық күш­тер коалициясы туралы Aq Jol де­мократиялық партиясының тө­ра­ғасы Азат Перуашев пікір біл­дірді.

– Жалпыұлттық коалицияның мақ­саты тек саяси партияларды ғана емес, басқа да үкіметтік емес ұйым­дарды, азаматтық қоғамды біріктіру болды. Бұл орайда жал­пыұлт­тық коалиция еліміздегі өзек­ті проблемаларды жан-жақты тал­қылап, мәселелерді бір кон­сен­суске, бір көзқарасқа келтіру ұста­нымын берік ұстанды. Жалпы, ұйым мүшелері аталған жұмыс­тар­ды абыроймен атқарып келді. Мем­лекет қоғаммен диалогқа ба­ғыт­талған өз жұмысында барынша ашықтықты ұстанады. Біз мұны құптаймыз, және өзара әрекеттесу­дің каналы көп болған сайын, соғұр­лым жақсы болады. Nur Otan пар­тиясы өзіне жауапкершілік алып, үлкен жұмыс атқарды. Біз пар­тияда үлкен «қайта жандан­дыру» жұмыстарының жақсы жүріп жатқанын байқап отырмыз. Және осы істе әріптестерімізге табыс тілейміз, – деді ол.

Отырыс кезінде «Атамекен» Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы бас­қармасының төрағасы Абылай Мыр­захметов жалпыұлттық де­мок­ратиялық күштер коалициясы­ның құрылу тарихына тоқталып, осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмысына оң бағасын берді.


– Біздің жалпыұлттық демок­ра­тиялық күштердің коалициясы осы уақытқа дейін жалпы саны 21 оты­рыс өткізіпті. Егер тарихқа үңіл­сек, 2010 жылдары үлкен дағ­да­рыс болды. Жалпыұлттық коа­ли­ция сол дағдарыстан кейін құ­рыл­ды. Өйткені еліміздегі жағ­дай­ларға байланысты Елбасының үн­деуімен саяси күштер бірігіп, ұлттық мүдделі мәселелерде пікір алмасуға шақырды. Осы жиын­дарда тек қана саяси мәселелер ғана емес, кәсіпкерлерге байла­ныс­­ты да мәселелер талқыланды. Жер, жемқорлық мәселелері де қарал­ды. Қорыта айтқанда, бұл пі­кір алмасулар жиынға қатысу­шылар үшін пайдалы болды деп есеп­теймін, – деді Абылай Мырзахметов.

Коалиция жұмысының қоры­тын­дысын Республикалық әйел­дер кеңесінің жетекшісі Нина Каю­пова жасады. Спикер Ұлттық сенім кеңес мемлекет пен халық ара­сындағы диалогтың жаңа фор­маты екенін атап өтті. Ол жал­пыұлттық коалиция жұмысының аяқталғанына қарамастан, Nur Otan партиясымен әріптестіктің жалғасатынын жеткізді.

– Біздің барлық жұмысымыз Nur Otan партиясының қол­дауы­мен жүзеге асырылды. Ел­басының саяси кеңесте сөйлегенін ескере отырып, біз партиямен бірлесе жұ­мыс істеуді жалғастыратын бо­ла­мыз. Барлық мәселені болаша­ғы­мыз үшін, егеменді мемлекеті­міз­дің гүлденуі үшін бірге шеше-міз, – деді Нина Каюпова.

Жиын соңында Nur Otan пар­тиясы Төрағасының Бірінші орын­басары Бауыржан Байбек үкіметтік емес ұйымдар тұлғасынан коали­ция мүшелерімен партияның бір­лес­кен жұмысы әріптестік туралы екіжақты меморандум мен партия­лық жобалар шеңберінде жалғасын табатынын атап өтті. Өзара әре­кет­тестік үшін үлкен әлеует «Мирас», Nur Otan Talks және Nur Otan Trends партиялық диалогтық алаң­дар шеңберінде де бар.


Бакытжан Жумагулов-1.JPG
Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ,
Сенат депутаты:

– Жалпыұлттық коалиция 8 жылдың ішінде өзіне жүктелген жұмысты толы­ғымен атқарды. Осы жылдары қоғамдағы өзекті мәселелер көтерілді. 2015 жылғы Ел­басы сайлауына, жуырда өткен Пре­зидент сайлауына нақты кірісіп, қаншама ре­комендация қабылданып, қоғамда, мемлекеттік органдарда қолдау тапты.

Күні кеше ғана Елбасы Nur Otan пар­тиясының Саяси кеңесін өткізді. Басты тақырып – партияның жаңадан жаңғыруы. Әсіресе, партияның алдында тұрған мін­деттерінің бірі – әрбір партия мүшесінің жұмысына деген жауап­кершілігі, өзіне жүктелген жұмыстарды жоғары деңгейде ат­қаруы. Кеңесте Елбасы ел бірлігі туралы да айтып өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік салалардағы өзекті мәселелерге де тоқталды. Көп­балалы аналар, тұрғын үй мәселелері партияның жіті на­зарында болуы керек деген тапсырма берді. Сондай-ақ жиында жас­тар мәселесі де айтылды. Қорыта айтқанда, Елбасы айтқан бар­лық мәселесі партия өз назарына алып, оларды шешуге жұ­мыла кірісетін болады. Жалпыұлттық коалицияда елімізде құры­лып жатқан Ұлттық сенім комиссиясы болғаннан кейін жұ­мысын аяқтап, партияда өзінің үлесін қосады деген се­німдеміз.

 

Мухтар Манкеев.JPG

Мұхтар МАНКЕЕВ,
«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық 
қозғалысы кеңесінің төрағасы:

– Коалицияның таратылуы оңды қа­былданған шешімдердің бірі болды деп айту­ға болады. Себебі, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сайлауалды бағ­дарламасын жүзеге асыру мақсатында Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесін құру тура­лы Жарлыққа қол қойды. Ұлттық қо­ғамдық сенім кеңесі ел дамуына елеулі үлес қосады деп үміттенеміз.

Жалпыұлттық коалиция 8 жылдан бері жұмыс істеді. Мен бұл ұйымға 2 жыл мүше болдым. Нәтижелі жақсы жұмыстардың бәрін көрдік. Мемлекеттік бағдарламалар, жаңадан шығып жат­қан бюджеттік инциятиваларды коалицияда талқыладық. Сон­дықтан да бұл ұйым өзінің жұмысын жоғары деңгейде атқарды деп айта аламын. Ендігі уақытта еліміздегі ауқымды, өзекті мәселелер ұлттық кеңесте талқыланады. Осы ретте айта кетейін, ұлттық кеңес мүшелерінің алдында кезек күттірмейтін маңызды міндет тұр. Жұртшылық пен азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып, маңызды стратегиялық проблемалар қаралуы қажет. Олар сондай-ақ түрлі тұжырымдамалар, мемлекеттік бағдар­ламалар және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қо­ғамдық сараптама жүргізіп отыратын болады. Бірінші отырыс жа­қын аралықта өтеді. Оған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы да қатысады.