Жоғарғы сот судьясын іріктеуге қатысыңыз
Жоғарғы сот судьясын іріктеуге қатысыңыз
687
оқылды
Жоғарғы сот судьясы лауазымына  кандидаттарды іріктеуде  қазақстандықтар пікірі ескеріледі. Мысалы, халық 13 тамызға дейін екі үміткердің судья болуға лайықты немесе лайықсыз екені туралы пікір білдіре алады. Бұл жөнінде Жоғарғы сот кеңесі хабарлады.  Жоғарғы сот кеңесінің уәжін­ше, бұл бастама кадрлар­ды ірік­теудің барынша объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.
«Жоғарғы сот кеңесі қазір­гі уақытта Жоғарғы сот судья­ла­рының 2 бос лауазымына конкурс өткізіп жатыр. Іріктеу барысында үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері зерделеніп, олардың қабілеті мен дағдылары бағаланады. Әрбір үміткерден Кеңес мүшелері сұхбат алады, оған адвокаттар алқасы, про­куратура өкілдері, өзге де заң қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар қа­тысады. Сонымен қатар әрбір қазақстандық нақты үміткер туралы өз пікірін білдіре отырып, кандидаттарды іріктеу процесіне қатыса алады», – делінген Жо­ғарғы сот кеңесі таратқан хабарламада. Ол үшін Кеңестің v.sovet@vss.gov.kz электрондық поштасына тиісті хатты 13 тамыз­дан кешіктірмей жіберу қажет.  Жоғарғы сот судьялары лауазым­дарына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын үміткерлер тізімі кеңестің ресми сайтында берілген.
 

Т.МЫРЗА