2019 жылдың басынан бері еліміз 300,9 млн долларға 24 мың тонна киім импорттаған. Оның 9 мың тоннасы (87,2 млн доллар) Қытай мемлекетінің тауары.
Яғни, дәл осы елден келетін киім көлемі бұрнағы жылдарға қарағанда 2,5 есе өсіп отыр. Бұдан бөлек биыл Өзбекстан 9.9 млн долларға 5,3 мың тонна киім жеткізсе, Ресейден – 4,9 мың тонна, Түркиядан – 3 мың тонна киім-кешек келген.
Сондай-ақ, алғашқы жарты жылдықтың өзінде Беларустен 4,4 млн долларға 219,9 тонна, Үндістаннан 3,5 млн долларға 94,5 тонна, Пәкістаннан 1,6 млн долларға 87,2 тонна киім саудалаппыз. Еліміз киім-кешек импортаған мемлекеттердің қатарында Морокко (2,9 млн долларға 57,7 тонна), Қырғызстан (345,9мың долларға 50,9 тонна) Вьетнам (1,9 млн долларға 44,1 тонна), Египет (977,9 мың долларға 41 тонна, Италия (13,3 млн долларға 40,8 тонна), Түрікменстан (155,9 мың долларға 38 тонна), Иран (58,6 мың долларға 37,2 тонна), Португалия (2,4 млн долларға 30,7 тонна) және Украина (548,8 мың долларға 10,5 тонна) бар.