Алматылық дәрігерлерге бір тонна қымыз таратылды
Алматылық дәрігерлерге бір тонна қымыз таратылды
5,269
оқылды
Алматыдағы жұқпалы індеттен емдейтін екі аурухана дәрігерлеріне 1 тонна қымыз таратылды. Құрбан айттың құрметіне ұйымдастырылған қайырымдылық шараға бір топ белсенді азамат ұйытқы болған. 300 литр қымыз Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне табысталды.
"Халықтың алғысына бөленіп жұмыс істегеннен артық басқа алғыстың керегі жоқ бізге. Халық үшін жаратылғаннан кейін бәріміз бірлесіп, осы пандемиямен аман-есен күресіп, жеңіп шықсақ деген мақсатымыз бар. Құдай қаласа, ол күнге де жетеміз", -  дейді Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары Самат Жәрменов. " Қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да ниетімізді қабыл алыңыздар. #сәкенненсәнқымыз -ды ( #жариясадақа) "Covid-19" -бен емдеп жатқан 3 ауруханаға үлестіріп шықтық. Сырқаттың сейіліп келе жатқаны жүрекке жұбаныш, жанға жылу ұялатып, үміт жалынын жаққандай болды. Құрбан айтпен құрбан болғандар тоқтаса екен деген тілекпен ақ халатты абзал жандардың ақ батасын алып кайттық. Жамандық көрмеңіздер, жақсыларым. Шаңырақтарыңызда шаттық шеру тартсын.  Құрбан айт құтты болсын! Әумин! - деп жазды Сәкен Майғазиев Instagram-дағы парақшасында. "Ассаламу алейкум бауырлар! Құрбан айт құтты болсын! Осынау ұлық күнде баршаңызға қуаныш пен шаттық, ырыс-береке мен жақсылық тілеймін!⠀ Қасиетті жұмада “Сәкеннен сән қымызды” COVID-19-бен ем қабылдап жатқан жандарға таратуды ниет етіп, Алланың қалауымен 3 ауруханаға жеткізу бұйырған екен! Алла шипасын берсін!⠀ Жақсылық жасаудан жалықпайық, ағайын! - деп жазды шоумен Руслан Искаков.