Қазақстан-Ресей шекарасында қақтығыс болды
Қазақстан-Ресей шекарасында қақтығыс болды
258
оқылды
Қазақстан-Ресей шекарасында мигранттар мен Росгвардия қызметкерлері қақтығысып қалды, деп хабарлайды Mash телеграм-арнасы.
«Соңғы айларда Самара облысында Өзбекстан мен Тәжікстанның жүздеген азаматы тұрып жатыр. Олар өз елдеріне оралуға тырысқан, бірақ коронавирус кесірінен Қазақстан шекараны жауып тастаған соң, өте алмай қалған. Мигранттар далада палаткаларда тұрып жатыр. Қазақстан шекараны әлі ашпады. Шыдамы таусылған мигранттар шекарашылармен қақтығысып, шекарадан өтіп кетпек болған», - деп жазылған хабарламада.
Ал РИА Новостидің хабарлауынша, Росгвардия өкілдері қақтығыстың жылдам шешілгенін және оқиғаға өз қызметкерлерінің қатыспағанын мәлімдеген. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=8Nn4PNSpdU8&feature=emb_logo