Қазақстанда бір адамға неше сиырдан келеді?
Қазақстанда бір адамға неше сиырдан келеді?
5,378
оқылды

Елімізде сиыр малының саны жан басына шаққанда айтарлықтай аз. Қазақстанда қой мен ешкінің есебі ірі қараның санынан артық.

ТМД елдерінің 2019 жылғы 1 шілдедегі статистикасына сүйенсек, Қазақстанда 8,6 млн мүйізді ірі қара тіркелген. Бұл көрсеткіш Ресей (19,2 млн) мен Өзбекстаннан (12,5 млн) кейінгі үшінші орынды білдіреді.

Егер тек аналық сиырдың санын есепке алып қарасақ, республика бойынша 3,7 миллион бас қана бар. Демек, елдегі жан басына (18 507,9 мың адам) еншілей шаққанда бес адамға 1 сиырдан тимек. Ал, қой мен ешкінің саны 24 миллионнан асқан. Зеңгі баба тұқымының есебінен ТМД-да алғашқы орында тұрған Ресейде аналық сиыр саны 8 млн болса, Өзбекстанда 4,5 млн бас бар.

Ел үкіметі етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы арқылы 2027 жылға дейін мүйізді ірі қара басын 15 миллион басқа жеткізуді межелеп отыр. Ұзақ мерзімге бағытталған жоба нәтижесін берсе 2027 жылға қарай сиыр еті мен қой етінің экспортынан 2,4 млрд доллар табыс түседі деп күтілуде.