Бес ай карантиннен кейін науқас балаларға операция жасау басталды

Бес ай карантиннен кейін науқас балаларға операция жасау басталды

Оның ішінде, шағын инвазиялық хирургия әдісіне басымдық беріліп отыр, – деп жазады 24.kz. Қазір қолда бар жаңа технологиялармен операция жасау жеңіл. Краниосиностоз диагнозы қойылған сәбиге жасалған операция сәтті өткен. Мұндай операцияны Алматыда жиі жасайды. Краниосиностоз кезінде нәрестенің бас сүйектерінің жігі мен еңбегі тез бітіп кетеді. Егер операция дер кезінде жасалмаса мидың өсуі тежеледі. Соның салдарынан баланың дамуы кешеуілдеп, көзі нашарлап, денесі құрыса бастайды. Бұдан басқа да қиындықтар туындайды. Сондықтан диагноз ерте қойылып, операция ерте жасалса, бала тез сауығып кетеді.

Нейрохирург Азамат Жайылғанов: «Бұл операция эндоскопиялық ассистенциямен өтеді. Эндоскопия кезінде біздер бақылап тұрамыз. Қан қайда құйылып жүргенін, не істеп жүргенімізді, инструменттер қалай баратынын бәрін көреміз. Ерекшілігі тағы да ол балаларға алты айға толғанға шейін жасаймыз бұндай операцияларды. Операция жасағаннан кейін баланың өмірі кәдімгідей балалармен тең болады. Ешқандай өзгерістер болмайды. Операциядан кейін қауіп жоқ», – дейді. 
Алматылық хирургтар жыл басынан бері осындай 25 операция жасады.