Жауынгерлік жаттығу басталды
Жауынгерлік жаттығу басталды
260
оқылды

Қазақ­стан­да әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери-әуе күштері бөлімдері мен бөлім­ше­ле­рі­нің «Жауынгерлік достастық – 2019» оқу-жаттығуы бас­талды. Шараға Қазақ­стан, Қырғызстан және Ресей елдерінен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есептері, сондай-ақ әскери авиация қатысады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан Әуе қорғанысы күштерінің барлық әскери бөлімі, әуе шабуы­лы­на қарсы қорғаныс әскерлері мен техника, Әскери-әуе күштері жұмылдырылды. Техникалық бө­лім С-200В, С-300ПС, С-75, С-125, «Текше», «Шеңбер» зенит­тік-зымыран кешендерін, Су-30СМ жаңа жойғыштар, сонымен қатар МиГ-31 және Су-27, Су-25, Л-39 ұшақтарын, Ми-35, Ми-171, Ми-17 тікұшақтарын, қазақстан­дық өндірістен шыққан ЕС-145 тікұшағы мен WinlongWL ұшқыш­сыз ұшу аппараты ұсынды.

Тәжірибелік іс-қимылдар Қа­зақ­станда «Сарышаған» және Ре­сей­де «Ашулық» әскери поли­гон­­дарында өтеді.

Қазақстандық бөлімшелерден басқа «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық» оқу-жаттығуына Қырғызстан Қарулы Күштерінің С-75, С-125 зениттік зы­мыран кешендерінің жауынгер­лік есептері де қатысады.

Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің әуе шабуы­лы­­на қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есепті зениттік зымы­ран кешендерінің түрлі үл­гі­ле­рінен тәжірибелік атыстар орын­дайды. Авиация басқары­ла­тын және бас­қарылмайтын авиа­ция­лық зы­мы­рандар мен бом­ба­лар­ды, авиа­циялық зақымдау құрал­дарын жауынгерлік мақсатта қолдана отырып, күндізгі және түнгі уақытта ұшу қимылдарын жүргізеді.

Бұған дейін Қазақстанның Әуе қорғанысы күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Әскери бөлімдер марш, оқу-жаттығу өткізу ауданына көшіруді орындаса, авиация жедел аэродромдарға ұшуды жүргізді. Қазіргі уақытта әуе шабуылына қарсы қорғаныс пен авиация әскерлері топтарының бірлескен жауынгерлік іс-қимылдарын жүргізу тәсілдері пысықталуда.