«Біз 15 жылдан бері салтанатты кештерге бірге қатысып келеміз»: УЕФА марапаттау кешінде Роналду мен Месси бір-бірі туралы не айтты? (видео)
«Біз 15 жылдан бері салтанатты кештерге бірге қатысып келеміз»: УЕФА марапаттау кешінде Роналду мен Месси бір-бірі туралы не айтты? (видео)
302
оқылды

"Біз әлі бірге түскі ас ішпедік"

Монакода УЕФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысын жариялау салтанаты болып өтті. Бұл атақты «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил Ван Дейк еншіледі. Сондай-ақ үздік үштікке Роналду мен Месси де кірген.

«Испанияны сағынамын. Лионель екеуміздің арамызда керемет бәсекелестік болды. Біз бір-бірімізді көтермелей түсеміз. Бұл өте жақсы нәрсе. Осылайша, футболдың бір бөлшегіне айналдық.

Біз бір уақытта карьерамызды аяқтауымыз мүмкін бе? Ол менен екі жас кіші. Бірақ мен де өз жасымда жақсы көрінемін. Және осы жерде келесі жылы да, екі жылдан соң да, үш жылдан соң да болуды жоспарлап отырмын. Мені ұнатпайтын адамдардың мені тағы да көруіне тура келеді.

Біз Леомен сахнаны 15 жылдан бері бөлісіп келеміз. Бұл оңай емес, бірақ әрине, біздің қарым-қатынасымыз жақсы. Біз әлі бірге түскі ас ішпедік. Бірақ бәрі жақсы» дейді Роналду.

https://youtu.be/NrGWmrmXfFo