1 сыныпқа 400 мыңнан астам бала қабылданды
1 сыныпқа 400 мыңнан астам бала қабылданды
268
оқылды

Білім және ғылым министрлігінің дерегінше жаңа оқу жылында 3 млн-нан астам оқушы оқуын жалғастырады. Оның 400 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отыр.

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтіп жатыр. Білім министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан мектептеріндегі алғашқы қоңырау жексенбі күні 1 қыркүйекте соғылады. Алғашқы қоңыраудан кейін республика мектептерінде сабақ өткізілмейді. 2 қыркүйек – дүйсенбіден бастап, сабақ белгіленген кестеге  сәйкес өткізіледі.
«Жаңа 2019-2020 оқу жылында республикада 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерінде  3 млн-нан астам  оқушы оқуын жалғастырады.Алғаш рет 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды», – делінген министрлік хабарламасында.
Білім күні оқушыларды 300 мыңға жуық педагог қарсы алды. 10 мыңнан астам жас педагог кәсіби қызметіне кіріскелі отыр.