Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды
5,261
оқылды

«Президенттік жастар кадрлық резервіне өтінімдерді қабылдау басталды», – деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі баспасөз қызметі.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды. Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы. Үміткер  сайттың басты бетінде  Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты  мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған. Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанованың айтуынша, «Қатысушылар Қазақстан Республикасының жасы 35-тен аспаған азаматы болуы керек. Білімі мен жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Байқауға шетелде тұратын креативті, талантты Қазақстан Республикасының азаматтары да қатыса алады». 

Үміткерге  міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет. Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек. Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны  PKRezerv.kz. сайтына тіркелу қажет.