Президент Жолдауы экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін қамтиды
Президент Жолдауы экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін қамтиды
5,294
оқылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтиды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында осылай деп жазды.

Б.Уәлидің жазуынша, Жолдау бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланады. Сағат 15:00-де барлық республикалық телеарналардан көруге болады.

«Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Дәстүр бойынша, Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылады. Жолдауда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұсыныстары мен бастамалары да айтылады деп ойлаймын. Президент бұған дейін де, құжатта еліміздегі кейбір мәселелерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы нақты тапсырмалар болатынын айтқан еді. Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы Парламент мүшелері үшін де, жалпы қоғамның дамуы үшін де алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар болатынына сенімдімін», – деп жазды Берік Уәли.