Елордада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Бірлескен отырыс барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жасайды.
Алқалы жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, ҚР Премьер-Министрі, ҚР Үкіметінің мүшелері толық құрамда, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып отыр.