Этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың Twitter-дегі парақшасы.
«Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!», делінген хабарламада.
Айта кетейік, елордада өткен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады.