Мұғалімдер мен дәрігерлерге берілетін жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек – Қ.Тоқаев
Мұғалімдер мен дәрігерлерге берілетін жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек – Қ.Тоқаев
245
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мәдениет саласының қызметкерлерінің айлығын көтеруді тапсырды.

«Мәдениет қызметкерлерін қолдау қажет. Біз мәдениет саласында еңбек ететін адамдарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл ең алдымен кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекқақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламарына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде», – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.    

Осы мәселені есепке ала отырып, Президент Үкіметке келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көбейтуі тиіс екенін атап өтті. 

«Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек», – деді Қ.Тоқаев. 

Айта кетейік, елордада өткен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады.