Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауда Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды тапсырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды тапсырды.– Біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет, – деді Президент.