Ерлан ҚАРИН, Президент кеңесшісі: Қоғаммен ашық байланыс – биліктің бүгінгі ұстанымы

Ерлан ҚАРИН, Президент кеңесшісі: Қоғаммен ашық байланыс – биліктің бүгінгі ұстанымы

Саяси бағыттағы кеңесшісі ретінде Жолдаудың саяси реформалауға, саяси бәсекелестікті өрістетуге, көппартиялылық жүйені дамытуға, диалогты іл­герілетуге қатысты бастамалардан тұруын маңызды санаймын

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Жолдауында айтылған қандай мәселені «ең маңызды» ретінде бөле-жара атап өтер едіңіз? Бұл Жолдаудың ерекшелігі неде?

– Қандай да бір мәселені даралау күрделі. Өйткені жұртшылық байқаған шығар, ел Президентінің Жолдауы жан-жақты, сан қырлы болды. Ол әралуан тақырыптарға жүгінді. Жолдау ел өмірінің әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ саяси салаларын да қамтыды.

Саяси бағыттағы кеңесшісі ретінде Жолдаудың саяси реформалауға, саяси бәсекелестікті өрістетуге, көппартиялылық жүйені дамытуға, диалогты іл­герілетуге қатысты бастамалардан тұруын маңызды санаймын. Жалпы, әлеуметтік желілердегі халықтың үнқатысын бақылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі ұсыныстары мен тапсырмалары оң қабылданды деп байлам жасауға болады.

Президент либерализациялау бағытын табанды жақтайтынын және оны жүзеге асыратынын осы Жолдауы арқылы кезекті рет растады.

Ол «жай реформа үшін жасалатын реформалардың» қажет еместігін, олардың барлығының ақырғы ірі межесі мен елге әкелер игілігі болуға тиістігін нықтады. Демек, жаңа реформалар ойластырылып, дұрыс-бұрыс жақтары таразыға тең тартылып, нақты қаржымен қамтамасыз етіліп іске асырылатын болады деген сенімдеміз.

Халықтың биліктен талап етіп отырғаны да – осы. Оны­мен ел басшылығының ұста­нымы үндес шығуда.

Қалай болғанда, бүгін Мем­лекет басшысы биліктің ахуал­­­ды жақсарту жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын жария етті.

Бұл Жолдаудың ерекшелігі сол – бір жағынан ол страте­гиялық сипатқа ие: Парламент, Үкімет, жергілікті билік алда­ғы уақытта, орта мерзімді ке­зеңде атқаруы керек жұмыс бағы­т­тары айқындалды. Екін­ші жа­ғынан, дәл қазір қоғамды ма­залаған, ел шешімін күткен ағым­дағы көптеген мәселе­лер­ге де нақты жауап берілді.

Бұл Жолдау қарапайым қа­зақстандықтарға арналды. Қа­сым-Жомарт Кемелұлы: «Елі­­міз­дің әрбір тұрғыны оң өзге­ріс­­ті сезінуі тиіс» деп қадап айтты.

– Саяси реформа, диалогты ілгерілету дегенде, сарап­шы­лар ең алдымен, Қ.Тоқаевтың шеру өткізу үшін айдалада, қала шетінде емес, лайықты жерден орын бөлу туралы тап­сырмасын талқылауда. Ол орындар жоғарыдан ұсыныла ма, әлде оны қоғам таңдай ма?

– Заңнамаға сәйкес, тәртіп бойынша ондай жерлер әр өңір­де, қалада қарастыры­ла­тын болар. Президент егер бей­біт наразылық акциялары заң бұзу немесе азаматтардың тыныштығына нұқсан келтіру мақсаттарын көздемесе, онда оларды өткізуге рұқсат беруді және қала орталығынан алыс болмайтын жерден арнайы алаң бөлуді жүктеді. Егер тәр­тіп қамтамасыз етілетін болса, ешқандай шектеу болмауы тиіс. Енді осыған сәйкес бұл мәселені талқылаймыз.

Жуырда Президент жанын­дағы Ұлттық қоғамдық сенім ке­ңесінің тұңғыш отырысы өте­ді. Соның жиынында да осы та­­қырыпты талқыға са­ла­тын бола­мыз. Яғни, алды­мыз­да осы ай­тылған басымдықтар мен бас­­тамаларды іске асыру, олар­дың егжей-тегжейін са­рап­шы­лармен бірге пысықтау міндеті тұр.

– Әлеуметтік желілерде «Бұл Жолдауды Президент өзі жаз­ды ма екен, әлде ма­мандар әзірледі ме?» деген сауал қо­йылуда.

– Президент өзі жұмыс іс­теді. Бұл Жолдау – ұзақ еңбек­тің жемісі. Білуімше, ол бо­йын­ша жұмыс 2 айдан астам уақыт бойы жүрді. Қасым-Жомарт То­қаев бұл жұмысқа прези­дент­тік сайлау өте салысымен кірісті. Мемлекет басшысы әр мәсе­ленің байыбына мұқият барып, шешімін зерделеді. Әри­не, қо­йылған міндеттерді егжей-тег­жейлі, эконо­мика­лық, қар­жы­лық, заңгерлік қы­рынан пы­сық­тауға, салдар­ла­рын сал­мақ­тау­ға Үкімет мү­шелері, Президент аппараты, сарап­шы­лар, сала мамандары тартылды, онсыз болмайды. Ал бастамалар авто­ры – Мем­лекет басшысының өзі.

Байқасаңыз, Жолдауда қо­ғамды толғандырған мәсе­ле­лер көп көтеріледі. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының ел пі­кі­ріне құлақ асу арқылы қоғам­ның тынысын танып, тамыр соғысын тап баса білетінін көр­сетеді. Ол қандай мәселе­лердің пікірталас туғызып жатқанын түсінеді. Нәти­же­сінде, Жолдау мәселелердің кең ауқымын қамтыды.

– Президент жергілікті билік жұмысының тиімді­лі­гін ха­лықтың өзі бағалайтын жүйені пилоттық режимде іске қосуды ұсынды. Оған сәй­кес, сауалнама немесе он­лайн-да­уыс беру нәти­же­сін­де тұр­ғын­дардың 30%-дан астамы ауыл не қала әкімі қызметін тиімсіз деп та­ныса, астанада арнайы комис­сия құрылып, әкімнің ісін қа­рамақ. Бұл жергілікті қарау топтардың сырттан кел­ген білікті басқа­рушыны қу­дала­уына, жер­шілдік пен ру­шыл­дықтың өршуіне қызмет ететін құрал­ға айналып кетпей ме?

– Кез келген қоғамда жік­шіл­дік, әр топтарға бөліну бо­лады. Осы тәрізді белгілі бір проблемалар Қазақстанда да бар. Алайда солай екен деп ілгері қадам жасамау жөнсіз.

Ондай кесір құбылыстарға жол бермеу үшін бұл бас­та­малар қосымша пысықталатын болады. Оның тетіктері, он­лайн-тұғырнамасы ойлас­ты­ры­луы керек. Ең бастысы, ха­лық билігін күшейтетін бас­та­ма өмірге жолдама алғалы тұр. Ол арқылы жергілікті жұрт­шылықтың жалпы көңіл күйін білеміз. Президент мем­ле­кетті басқару ісінде ел пікі­рін еске­ре­тін болады және жер­гілікті би­лік органдарын да тұр­ғын­дар­мен диалогта, өзара тү­сі­ністікте жұмыс істеуге мін­дет­теуде. Ең маңызды жайт – осы.  

Біз бүгінгі Жолдауда Мем­лекет басшысы қойған мін­дет­терді жүзеге асыруға тосқауыл болатын салмақты кедер­гі­лерді байқап отырған жоқпыз. Ен­деше бұл бастамалар мен ба­сымдықтар іске асырылады.    

 

Сұхбаттасқан
Айхан ШӘРІП