Зәуреш АМАНЖОЛОВА, Мәжіліс депутаты, Nur Otan фракциясының мүшесі: Міндет – медицинаны дамыту

Зәуреш АМАНЖОЛОВА, Мәжіліс депутаты, Nur Otan фракциясының мүшесі: Міндет – медицинаны дамыту

– Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы біршама әлеуметтік мә­селелерді қамтыды. Зейнеткерлік, медицина, білім, мәдениет сала­сы­ның өзекті проблемалары қаузалды. Пре­зидент медицина жайлы айта келе, салауатты өмір салтын сақтауға ба­рынша маңыз беріп отыр. Барша ха­лық­ты бұқаралық спортпен айна­лы­суға шақырды. 2020 жылдан бас­тап еліміз міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру жүйесіне көш­келі отыр. Оған қажетті қаражат бө­лінген. Ендігі міндет – осы қаражатты тиімді пайдаланып, медицина са­пасын арт­тыру. Осы арқылы меди­циналық қыз­меттің қолжетімділігін арттырған абзал. Жоғары техно­ло­гиялы меди­ци­наны халыққа жеткізу де өте өзекті.

Мемлекет басшысы сол үшін же­келеген мемлекеттік бағдарлама жа­салуы керектігін айтып өтті. Себебі, суицидке тек медицина ғана жауап­ты емес. Сондықтан оған жан-жақты салалар бір кісідей атсалысуы керек. Оның ішінде педагогика саласы, білім мен мәдениет, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі, ата-аналар, от­ба­сылар осы кеселге қарсы жұмылуы тиіс. Яғни, отбасының мәртебесін, инсти­тутын қолдау арқылы бұл қоғамның қауіпті кеселімен күресуге болады.