Қорғанысты нығайтуға берілген басымдық
Қорғанысты нығайтуға берілген басымдық
5,322
оқылды

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Кездесу барысында Елба­сыға еліміздің қорғаныс қа­білетін нығайту, Қарулы Күштердің бөлімшелері мен құрамаларының жауынгерлік даярлығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа осы уақытқа дейін өткізілген және жыл соңына дейін жоспарланған ауқымды жаттығулар туралы ақпарат берілді.

Кездесуде басшылық лауа­зымдардың санын қысқарту және басқару құрылымын оң­тай­ландыру бойынша жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті келесі жылы елор­дада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы және Отан қорғаушы күніне арна­ла­тын әскери парадтың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев отандық қорғаныс өнеркәсібінің Қорғаныс ми­нистрлігінің мүддесіне сай сапалы жұмысын қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Өз кезегінде Нұрлан Ер­мек­баев Қазақстан армиясы­ның құрылыс және даму бағ­дарламаларының орындалуы туралы баяндады.

Қорғаныс министрінің ақ­параты бойынша, қазіргі уақытта әскери техниканың за­манауи үлгілері және жүйе­лерімен жабдықтау жалғасуда, Қарулы Күштерді жан-жақты қамтамасыз ету жүйесі жетіл­діріліп, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтау бойынша шаралар қа­был­дануда.