Исатай-Махамбет алаңы ашылды
Исатай-Махамбет алаңы ашылды
811
оқылды

Атырауда дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойында ашылған Исатай-Махамбет алаңы қайта жаңғыртылды.

Атыраулықтар мен об­лыс қонақтарына тари­хи та­­ғылымымен, сәу­­ле­тімен рух беріп тұр­ған алаңға жаң­ғыр­­ту жұмыстарын Норт Кас­пиан Оперейтинг ком­паниясының (NCOC) де­меу­ші­лі­гімен «Батыс Альянс Строй» ЖШС құры­лыс жүргізді.

Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы мен Конституция күні қарсаңында ала­ңның салтанатты жағ­дай­да қайта ашылуы шара­сында Атырау облысы әкімі­нің орынбасары Айбек Қрам­баев, Норт Каспиан Оперейтинг компаниясының бас директоры Ричард Хоу, Атырау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов сөз алып, жиналған қала тұрғындарын жаңғырған алаңның халық игілігіне берілуімен құттықтады.

Исатай-Махамбет алаңы­ның 50 мың шаршы метрі түбе­гейлі жаңартылған. Атап айтсақ, жаңа гранит тақ­тайшасының үстіне субұрқақ жүйесімен жабдықталған бірнеше сәулет композициясы орнатылды. Сонымен қатар алаңның орта тұсындағы субұрқақпен жабдықталған көп­бұрышты бассейн ір­ге­­тасының ортасына ор­на­тылған мәрмәр дом­бы­ра да ерекше көзге тү­се­ді. Биіктігі 3 метрге жуықтайтын бұл дом­быра Махамбет баба­мыз­дың шы­ғар­ма­шы­лы­ғына тағ­зым ғана емес, күй Отаны Аты­рау­дың құймақұлақ күй­­­шілік өнеріне арналып қойылған.

Алаңдағы тынығуға ар­нал­­ған сәндік шатырлар ұлт­тық нақышта безендірілуі­мен көз қуантып тұр. Бұдан бө­­лек, барлық ағаштар мен гүлзарлар қайта егі­ліп, олар­ды автоматты түр­­­де суа­ру құрылғылары жүр­­гізілген. Алаң аумағы тү­гел­дей жа­рық­­­диодты шам­­­­дармен және энергия үнем­­деуіш лам­­­­палармен жа­рық­­тан­ды­рылған.

Түрлі-түсті көз қызы­ғар­лық гүлзарлармен көм­­­­ке­ріл­ген алаңда алты әуен­ді субұрқақ орна­ты­лыпты. Субұрқақ саз­ды әуен­нің ыр­ғағына қарай түр­лі пі­шін­ге еніп, өзіңе на­зар ау­дар­тып, ерекше әсерге бө­лей­ді. Сон­дай-ақ су­бұр­қақ­тар түр­­­лі-түсті және аптап ыс­тық­­­та қоңыр сал­қын леп бе­ре­­­тін тұман әсері бар бүрік­кіштермен жаб­дық­тал­ған.

Халық жөнделуіне маңыз берген Исатай мен Махамбет ес­керткіштері толықтай жа­ңар­­тылуымен жұрт көңі­лі­нен шықты.

Тұрғындардың айтуынша, жаңа сәулетті алаң көпшілікке ұнап жатыр.

– Бұл күнді көптен күтіп, бү­гін отбасымызбен бірге кел­дік. Бізде субұрқақтар тап­шы болғасын ба, бала­лар­дың қуанышын айтпа­ған­да, өзіміз балаша мәз мей­рам болдық. Бірі бірнеше әуен­­ді, енді бірі ыстық күні қоңыр салқын леп береді. Алаң бұрынғыдан да өзгеше реңге еніп, ескерткіштеріміз еңселі көрініп қуантып тұр – дейді қала тұрғыны Мөлдір Серікқызы.

Исатай-Махамбет алаңы жергілікті халық үшін батыр­лықтың символындай қас­терлі алаң. Алғаш ашыл­ған­да алаңға қойылған жебе ұшы нобайындағы гранит тастарда Махамбеттің өлең­дері жазылған еді. Алаң жа­ңар­тылған соң да сол тас­тар­ды қайта көріп, жүрек тебіренді.

 

Атырау облысы