Олардың қатарында кәсіпкер Қайрат Құдайберген, вайнер-актерлер Мейіржан Төребаев пен Азим Саидбаев, блогерлер Бейбіт Әлібеков, Владимир Волков, Марғұлан Тұрсынов және тағы басқалар бар.
Науқан ең алдымен COVID-19 вирусының ауыр түрімен ауыратын науқастарды емдеу үшін коронавирус инфекциясынан плазманы тартуға бағытталады.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында коронавирустан 8000-нан астам науқас емделді. Әрбір аурудан айыққан жан антиденелердің бар-жоғына сынама бере алады. Бұл процедураны бұрын Республикалық қан орталығында өтуге болатын еді, 5 тамыздан бастап ауруды басынан өткізген әрбір адам Қалалық қан орталығында тест тапсыра алады. Аталмыш процедура ауыртпалықсыз және қауіпсіз.
Иммундық донорларды қабылдау коронавирус инфекциясының антиденелер титрінің болуына байланысты сауыққаннан кейін 2 айға дейін жүргізіледі, яғни сауыққан кезден бастап көп уақыт өтсе, донор қанында антиденелер аз болады.
«Өздеріңіз білетіндей, мен бұл инфекциямен ауырып, қазір сауықтым. Енді плазма тапсырдым, ол коронавируспен ауырып жатқан ауыр науқастарды емдеуге көмектеседі деп ойлаймын», – деді Қайрат Құдайберген.
Алматы қалалық қан орталығының директоры Жандос Надировтың айтуынша, иммундық донорларды қабылдау кезінде аурудың анамнезі қосымша жиналады. Жалпы терапевт дәрігеріне қаралу кезінде және АИТВ 1, 2 гемотрансфузиялық инфекциясына, В гепатитіне, С гепатитіне, мерезге, сондай-ақ антиденелер титрін анықтай отырып, коронавирус инфекциясына алдын ала тексеруден өтеді. Иммундық донорлардың тест нәтижелерін күту уақыты 1 сағатты құрайды. Кез келген жұмыс күнінде әр адам таңғы сағат 9:00-ден түскі сағат 12:00-ге дейін қан тапсыра алады.
Бір донордан 600 миллилитр плазма алынады, ал жұқтырған адам үшін 200 мл жеткілікті. Осыған байланысты бір донордың арқасында коронавируспен ауыратын үш науқасты емдеуге болады. Плазманың мұндай көлемін алу ғылыми негізделген және донордың денсаулығына зиян келтірмейді.
2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қан орталығына 20 адам жүгінді, оның ішінде 12 донор плазма тапсыруға жіберілді.
Айта кету керек, бұл плазмалық банк қала әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша пандемия жағдайында Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша жасалған қалалық іс-шаралар жоспарының аясында құрылды.