Ет өндіретін кешен
Ет өндіретін кешен
382
оқылды

Тамыздың соңғы күні Жамбыл ауданында жылына 8 мың тонна ет өндіретін «Империя Фуд» ет өңдеу кешені ашылды. Отандық өнімді сырт елдерге шы­ға­руға, экспортқа бағытталған заманауи кәсіп­орын­­ның іске қосылуының арқасында өркенді өңірге 2,9 млрд инвестиция тартылып, 80 адам жұмыспен қамтылды.

Төрт түлік өсіру жөнінен бас­қа аймақтардың ал­дын­­­да тұратын Жетісу өңі­рін­де жұмысқа кіріскен ет комбинатының салтанат­ты ашылуына Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрі Сапархан Омаров, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Иран Ислам Республикасының Қа­зақ­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадза­де Сабер және өзге де ресми өкілдер мен мүдделі адамдар қатысты.

Жаңа кәсіпорын жылына 8 мың тонна ет өнімін шы­ға­руға қуатты, 12 мың қал­быр­ға арналған кон­сер­ві­лік желісі, 14 тонналық қан және сүйек ұнын шығаратын зауыты бар. Ет комбинаты жо­­басын жүзеге асыруға 2,9­ млрд теңге инвестиция тар­тыл­ған.

«Республикада ауыл шар­уа­­­шылығындағы жалпы өнімің 20 пайызын Алматы облысы өндіреді. Өңірде 1 миллионнан астам ірі қара және 4 миллионнан астам қой-ешкі бар. Сондықтан за­­­­манауи технологияларды қол­дана отырып, етті те­ре­ң­дете өңдеу арқылы экспортқа бағытталған өнім өндіруді басты бағыттардың бірі ре­тін­де қарастырып отыр­мыз. Соның нәтиже­ле­рінің бі­рі ретінде жаңа ет ком­би­натының іске қосы­луын атап өтуге болады. Ауы­лды жер­де ашылған кә­сіп­­орын жаңа жұмыс орын­да­рының ашылуына ықпал етті.

Тартылған инвестиция­ның өзін ақтары анық. «Қа­­­­зақстанда жасалған» бел­­­гісімен сапалы өнім шы­ғару – біз үшін зор табыс. Осының бәрі – дұ­рыс жүргізіліп отырған мем­лекеттік саясаттың же­місі. Инвесторларға, осы жо­ба­ны іске асыруға атса­лыс­қан барлығыңызға алғыс ай­та­мын, – деді өзінің құт­тық­тау сөзінде Алматы облы­сы­ның басшысы Амандық Баталов.

Ауыл шаруашылығы ми­нистрі С.Омаров «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспарында ет өңдеу саласына инвес­ти­­­ция тарту туралы жан-жақ­­ты айтылғанын ай­тып, сол тапсырманың орын­да­луы­­ның нақты нәтижесін кө­ріп отырғандығымызға тоқ­талды. Алматы облы­сын­да ауыл шаруашылығы барлық бағытта қарқынды дамып отырғанын, қант қы­зылшасының алқабы ұл­ғай­тылып, бұрын тоқтап қал­ған қант зауыттары қайта іс­ке қосылып жатқанын, бақ өсі­ру өркендей бастағанын да айта кетті. Сөзінің соңын­да ендігі мақсат қайта өңдеу саласын жандандыру екенін де еске салды.

Ауыл шаруашылығы ми­нистрі С.Омаров «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспарында ет өңдеу саласына инвес­ти­­­ция тарту туралы жан-жақ­­ты айтылғанын ай­тып, сол тапсырманың орын­да­луы­­ның нақты нәтижесін кө­ріп отырғандығымызға тоқ­талды. Алматы облы­сын­да ауыл шаруашылығы барлық бағытта қарқынды дамып отырғанын, қант қы­зылшасының алқабы ұл­ғай­тылып, бұрын тоқтап қал­ған қант зауыттары қайта іс­ке қосылып жатқанын, бақ өсі­ру өркендей бастағанын да айта кетті. Сөзінің соңын­да ендігі мақсат қайта өңдеу саласын жандандыру екенін де еске салды.

Иран Ислам Рес­пуб­ли­ка­сының Қазақстандағы Тө­тен­­ше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер де сөз алып, екі ел арасындағы іс­керлік байланыс, өзара ын­тымақтастық бұдан ары жал­ғаса беретініне сенім біл­дірді.

Инвестор «Империя Фуд» ЖШС директоры Джавидан Арман Джавад өндірісті іске қосу­дың барлық кезеңінде мемлекет тарапынан көр­се­тілген қолдауларға, сол сияқ­ты жергілікті бюджет есе­бінен жүргізілген ин­фра­құры­лыммен қамта­ма­сыз ету жұмыстары үшін облыс басшылығына ризашылығын жеткізді. Кәсіпорын басшы­сы­ның айтуынша, мұнда жыл басынан бері 332 тон­на ет өндіріліпті. Оның ішін­де 73 тонна ет Иран мен Бах­рейн­ге экспортталған. Жыл соңына дейін тағы 640 тонна өнімді сырт елдерге жөнелту жоспарланып отыр.

Биыл Алматы облы­сын­­­­дағы қолайлы инвес­ти­циялық климаттың ар­қа­сын­да жалпы инвес­ти­ция көлемі 1 трлн теңге болатын 38 жоба жүзеге асырылуда.

 

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы