Мемлекет басшысы Азия әдебиетін дамыту тетіктерін айтты
Мемлекет басшысы Азия әдебиетін дамыту тетіктерін айтты
223
оқылды

4 қыркүйек Нұр-Сұлтанда алғаш рет Азия елдері қаламгерлерінің І форумы өтуде. Форум қатарынан үш күн өтеді. Бүгін форумның ашылу салтанатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде Азия әдебиетін одан әрі дамытудағы негізгі басымдықтарды атады.

Мемлекет басшысы Азия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керектігін алға тартты. "Бұл маңызды шара Азия елдерінде тұрақты түрде өтуі қажет деп санаймын.Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс. Азияны бүкіләлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды. Сондықтан әдеби үдерістерді жаңғырту үшін жағдай жасау – басты міндеттердің бірі", - деген ол аталған мақсатта «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындау қажеттігін атап өтті.
Бұдан өзге мемлекет басшысы алдағы уақытта Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды әдебиетін құру қажеттігі туралы ұсыныс айтты. "Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынаның есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болары сөзсіз.
Осындай игі бастамаларды іске асыру жұмысы қаламгерлерімізді біріктіріп, Азия әдебиетін жаңа белеске шығарады деп сенемін", - деді Қ.Тоқаев.