Азия әдебиеті жаһан әдебиетіне айналуы тиіс - корей жазушысы
Азия әдебиеті жаһан әдебиетіне айналуы тиіс - корей жазушысы
236
оқылды

Бүгін Нұр-Сұлтанда Азия жазушыларының І форумы өтуде. Форумда Азия құрлығындағы 44 мемлекеттен, сондай-ақ Букер және ASEAN сыйлық­тарының лауреаттары, ұлт­тық, мемлекеттік сыйлықтар­дың иегерлері һәм Жазушылар одағы мен ассоциация­лары­ның төрағалары сияқты 90-ға жуық ақын-жазушылар мен еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған қаламгерлер бас қосуда. Оңтүстік Кореядан келген жазушы Ко Ын өз сөзінде бұл форумға "Орта Азия жетістігін көрсететін форум болады", - деп баға берді.

"Әрбір Азияның бір бөлігі ол ел, мәдениет болсын, оның шынайы кескіні қалыптасса деген ойым бар", - деген жазушы "Азия әдебиеті жалғыз ғана планетарлық әдебиет емес, ол жақандық әдебиетке айналуы тиіс", - деді. 

Ко Ынның сөзінше қазір әдеби мұралар осы Азия төңірегінде даму үстінде. Ал Азия әдебиеті - ертеңгі күннің әдебиеті, яғни "жаһандық әдебиетке айналады", - деді. Өз сөзінде жазушы бар қазақстандыққа алғысын жеткізді.