Нобель сыйлығына үміткер моңғол ақыны Мэнд-Оео Азия әдебиетшілерін қолдау қорын құру туралы ұсыныс айтты.
«Әлемдік мәдениет антологиясы мен адамзат өркениетіне азиялық жаңашылдық енуі тиіс», - деген ол Азияның поэзиясы көптеген тілге аударылғанын қалайтынын жеткізді. «Бұл проза және өзге де жанрларға қатысты», - деді ақын.
Мэнд-Оео Азия әдебиетін дамыту бойынша бірнеше ұсыныс айтты. «Азия әдебиетін дамыту бойынша тиімді әдістер қарастыру керек. Атап айтқанда, таңдамалы шығармаларды бар жаһанға таратып, таныстыру үшін қолдау қорын (әдебиетшілерді-ред) құрған жөн. Меніңше, бұл біздің үкіметтің басты міндеті болуы тиіс», - деді ол.
Атап өтерлігі, бүгін елордада Азия қаламгерлерінің І форумы өтуде. Форум үш күнге созылады.