1406 нөмірі арқылы медициналық сақтандыруға қатысты сұраққа жауап ал!
1406 нөмірі арқылы медициналық сақтандыруға қатысты сұраққа жауап ал!
730
оқылды

Медициналық сақтандыру қоры өз байланысын іске қосты. Енді 1406 нөмірі арқылы медициналық сақтандыруға қатысты кез келген сұраққа жауап алуға болады.

Қоңыраулар Қазақстанның кез келген аймағынан тегін қабылданады. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

1406 нөмірі арқылы медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес алуға, өтініш немесе шағым беруге, медициналық қызметтерге баға беруге болады.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Бұл жүйе біздің елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылады. Қазіргі таңда тұрғындар арасында, сондай-ақ жұмыс беруші ұйымдар арасында ақпараттық түсіндіру іс-шаралары жалғасуда,  – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

Тағы бір айта кетер жайт, Медициналық сақтандыру жүйесі пилоттық режимде Қарағанды  облысында осы жылдың 1 қыркүйегінен  іске қосылды. Қазіргі уақытта тұрғындар медициналық сақтандыруға қатысты сауалдарын төменде көрсетілген мекенжайда орналасқан азаматтарды қабылдау кабинетінен біле алады: Қарағанды қаласы, Ә. Әлиханов к-сі, 2. Телефон: 8 (7212) 604-483.

Мұндай кабинеттер 2020 жылдан бастап Қордың әр аймақтағы филиалында жұмыс істей бастайды.