Алматыда элиталық үйлердің иелері бюджетке 30 млн теңге қарыз. Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы осылай деп мәлімдеді.
Аталған үйлер Медеу ауданындағы Достық, Қыз Жібек, Н.Оңдасынов, Горная, Көктөбе, Таулы қырат шағын аудандарында орналасқан. Белгілі, ауқатты адамдар тұратын үйлердің салық берешегі 34 млн теңгеге жеткен.
«Мұндай борышкерлер өте көп. Бұл істің көпшілігі сотқа бағытталды. Егер олар қарыздарын келер аптаның соңына дейін төлемеген жағдайда, салық органдары олардың аттарын БАҚ арқылы жариялауға мәжбүр болады. Бұл тізімде атақты адамдар бар. Жеке тұлғаның салықтық борышы салық құпиясы болып саналмайды», - деп мәлімдеді басқарма.
Салық органдарының хабарлауынша, Медеу ауданы Қыз Жібек көшесіндегі аумағы 750 шаршы метр болатын құны 95 млн теңге болатын коттедждің қожайыны 1.5 млн теңге салық төлемеген.
Айта кетейік, Қазақстанда 13 тамыздан бастап салық рақымшылығы басталды. Негізгі қарыз төленген жағдайда үстіндегі өсімақысы кешіріледі.