Достықта шек жоқ
Достықта шек жоқ
242
оқылды

Бұған дәлел, жылқы мен мысықтың достығы

Достық – таразыға тартылмайтын, ақшаға сатып ала алмайтын, теңдесі жоқ байлық. Осы байлық тек адамдардың арасында емес, жануарлар әлемінде де бар. 



Бұған дәлел, жылқы мен мысықтың алты жылдық достығы. Олар осы уақыт бойы әр күнін бірге өткізеді екен. Тіпті бірге таңды атырып, күнді батырады. 



Мысықтың есім – Моррис. Иесі Дженифер Бойл оны 9 айында хайуанаттар үйінен асырап алған. Ол кезде Чампи деген жылқысы 1 жаста болған. Олар Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльсінде тұрады.



Бір көргеннен Дженифер жылқының мысықты жақын тұтқанын байқап, екеуінің дос болып кететінін сезген.  Алайда Чампиге үйреніп, бауыр басу үшін Мориске біраз уақыт керек болды.

 


Мүмкін оның дене-бітімінің үлкен болғанына қорыққан да шығар, кім біледі? Дегенмен, алғашқы кезде Чампи Морристің артынан қалмай жүрген. 



Бірақ оның бұл әрекетіне мысық Моррис ешқандай ыңғай білдірмеген. Сондай күннің бірінде кенеттен мысық Чампидің үстіне шығып алды. Міне, содан бері екеуі бір-бірінен айырылған емес.