Ру аттары жазылған сыра сатылымға шыға ма?
Ру аттары жазылған сыра сатылымға шыға ма?
387
оқылды

Ғаламторда «Суан», «Найман», «Ошақты» деген атаумен ру атаулары жазылған ішімдіктің суреті пайда болды. Алайда, біздің анықтағанымыздай бұл өнім түрлері әлі нарыққа шықпаған

Тауарды зерттеумен айналысатын мамандардың пікірі бойынша, бұл – өндірушілердің маркетингтік қадамы. Олар үш жүзге бөлінетін қазақтың ру аттарымен сыра шығару арқылы пайдаға кенелуді ойлап отырған көрінеді.

Мамандардың айтуынша, қандай да бір тауар нарыққа шықпас бұрын оның атауы сараптамадан өтіп, мұқият тексеріледі. Ал аталған өнімнің атауы көпшіліктің ашуына тиіп отыр. Ал, сіз бұған не дейсіз?