Топтық кезеңдегі «Астананың» қарсыласы «Ливерпуль» футболшысын сатып алды
Топтық кезеңдегі «Астананың» қарсыласы «Ливерпуль» футболшысын сатып алды
298
оқылды

Сербия құрамасы сапында 22 ойын өткізіп, 3 гол салған

Еуропа лигасы топтық кезеңінде «Астанаға» қарсылас атанған белградтық «Партизан» өз қатарын «Ливерпуль» ойыншысымен күшейтті.

25 жастағы сербиялық шабуылшы Лазар Маркович белградтық клубпен үш жылға келісімшартқа отырған. Осы «Партизан» клубынан тәрбиеленіп шыққан Маркович 2013 жылы «Партизаннан» португалиялық «Бенфикаға» 10 миллион еуроға ауысып барған. Бір маусымнан соң ағылшындық «Ливерпуль» шабуылшыны 25 миллион еуроға бағалап өздеріне алған. Алайда Лазар ағылшындық клуб сапына кірігіп кете алмады. Өзі қатысқан 19 ойында екі гол соқты.

Кейінірек клуб оны түркиялық «Фенербахчеге», португалиялық «Спортингке», ағылшындық «Халл Ситиге» және бельгиялық «Андерлехтке» жалға берді. 2019 жылдың 31 қаңтарында ол еркін агент ретінде «Фулхэм» сапын толықтырған еді. Ал Сербия құрамасы сапында 22 ойын өткізіп, 3 гол салған.

Қазіргі трансферлік құны – 4 миллион еуро. Осылайша, ол «Партизанның» ең қымбат ойыншысы атанып отыр.

Еске салсақ, топтық кезең ойындары 19 қыркүйек күні басталады. «Астана» сырт алаңда «Манчестер Юнайтедпен» ойнаса, «Партизан» өз алаңында «АЗ Алкмарды» қабылдайды.