Еліміздің студентерін толғандыратын мәселенің бірі – қоғамдық көліктегі жолақы. Мысалы, Алматы қаласы мен елорда студенттері үшін жолақысы – 150-180 теңгені құрайды. Бұл – арнайы карта болмағандағы сома. Студент байқаусызда картасын жоғалтып немесе ұмытса ол күніне шамамен 300-400 теңге кетіреді. Қалтаны қағатын көрсеткіш енді оңтайлы шешілмек. Яғни, еліміздің 4 қаласының студенттері алдағы уақытта нәбәрі 20 теңге төлеп, қоғамдық көлікпен қатынай алады.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Петропавл қалаларының студенттеріне қоғамдық көлікте жолақыға 20 теңге төлеу мүмкіндігі берілді. Бұл үшін SMS пен QR код-ты қолдану керек.
«Жаңа оқу жылында біз студенттік тарифті жаңартуды шештік. Қоғамдық көлікте он рет тегін жүру мүмкіндігінің орнына жолақыны арзандаттық, енді жолақы небәрі – 20 теңге. Әзірше арнайы баға тек төрт қалада қолданылады. Болашақта бұл сан екі есе көбейеді» деп атап өтті жобаны жүзеге асырушылар.