Газ саласы жастарының ынтасы зор
Газ саласы жастарының ынтасы зор
406
оқылды

Ел экономикасында маңызы зор газ саласы әр қазақстандықтың шаңырағын­дағы жылу мен шаттыққа да тікелей әсер етіп отыр. Көгілдір отынмен үй жылы­тып, су ысытып, ас әзірлеп үйренген тұрғындардың басындағы қуаныш енді солтүстік өңір тұрғындарына да келер күн алыс емес.

Ал осы саланың болашағына жауапты 200-ден астам жас маман Нұр-Сұлтан қала­сында өткен Жастар слетіне қатысып, өзара тә­жі­рибе алмасып, жеке тұлға және кәсіби ма­ман ретіндегі дамыту шараларына атсалысты.

«Ұрпақ тәжірибесі және бүгінгі энергия – келешек игілігіне» атты үшінші слет ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» компаниясы­ның құрамына енетін «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның ұйымдастыруымен өтті. Жа­лынды жастардың жұмысқа ынтасын ашу, жауапкершілігін арттырып, корпоративтік рухта тәрбиелеуді мақсат еткен шараны «Ин­тергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Ва­лентин Хван ашты. Газ саласындағы ма­мандардың ерекше кәсіп иелері екенін атап өткен бас директор олардың бойында жа­уапкершілік, еңбексүйгіштік пен табандылық атты басты қарулары барын тілге тиек етті.

«ҚазТрансГаз» компаниялар тобында 4 мыңға жуық жас маман жұмыс істеуде. Яғни, жастардың үлес салмағы 30%-дан асады деген сөз.

«Тағдырымызды Қазақстанның газ сала­сымен байланыстырып, Орта Азиядағы газ тасымалының ең қуатты операторы құра­мын­да қызмет етіп жүргенімізді мақтан тұ­тамыз деген жастар өз ойларын ортаға салды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» МГҚБ Орал ЖӨБ басшысы Әлімжан Балмұ­ханов 25 жасында жұмысқа қабылданып, кәсіби өсу жолынан өткенін, басшылықтың ұжымдағы жастарға үлкен сенім артып, өндірістің қиын да жауапты тұстарында еңбек етуге баулитынын атап өтті. Оның сөзінше, «Интергаз Орталық Азия» компа­ниясы іс-тәжірибе алмасу мақсатында шетел­дік компаниялармен де жұмыс істеуде. «Бұл – ресейлік, қытайлық компаниялар. Сон­дай-ақ газ құбырын тарту бойынша «Азия­лық газ құбыры» сынды компа­ния­лармен де жұмысты жалғастырып жатырмыз» дейді Ә.Балмұханов

«Біз компанияның өндірістік жетістік­терімен, оның жоғары іскерлік беделімен және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіз­ді­гін дамытуға бағытталған ауқымды жоба­ла­рымен мақтанамыз. «ҚазТрансГаз» мұнай-газ саласының драйверіне және Орта және Орталық Азиядағы газ ағындарының техно­логиялық ең мықты операторына айналды» деді ол.

Ә. Балмұханов өз сөзінде 3 мың жас маман атынан Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ бас­шылығына жас таланттарды қолдағаны және жас мамандардың өсуіне қолайлы жағ­дай жасап отырғаны үшін үлкен алғыс білдірді.

Слет бағдарламасына бұдан өзге жеке тиімділік бойынша тренингтер мен шеберлік сыныптары, зияткерлік-спорт ойындары мен көшбасшылық қасиеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын арттыратын және ой-өрісті кеңейтетін байқаулар кірді.

Компания қызметкерлері арасында жыл сайын ұйымдастырылатын «Үздік жас ма­ман» сынды байқауларда топ жарып, кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік алған жас маман­ның бірі – Төлеген Сатарқұл. Мұнай-газ са­ласы бойынша Шымкент қаласында оқып, ба­калавриат және магистратураны тамам­даған. Бүгінде Төлеген – «ИОА» АҚ магис­тралды газ құбыры басқармасы Шымкент қаласындағы филиалының өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша бірінші санат­ты инженері. Компанияда жұмыс істегеніне бір жарым жыл. Бастапқыда компанияға газ тарату стансасының операторы ретінде жұ­мысқа қабылданған. Төлегеннің айтуынша, компания жастардың кәсіби дамуына мол мүмкіндіктер жасауда. «Компания тарапы­нан жастарға толықтай жағдай жасалып жатыр. Қосымша әлеуметтік көмек бар. Ком­панияда байқаулар жүргізіліп, қосымша үстемеақы төленеді. Сондай-ақ компания жұмыскер­лердің бала-шағасы мен жанұясын да на­зардан тыс қалдырмайды» дейді ол. Т.Са­тар­құл мемлекеттің газ саласы қарқынды даму үстінде екенін алға тарты. Газбен қамту бо­йынша тек солтүстік өңірлер ғана қалған. Ендігі мақсат – солтүстік аймағына газ құбы­рын тартып, республика аумағын толықтай жылумен қамтамасыз ету. Газ өнер­кәсібі саласында білім алып, соңынан ер­ген жас­тарға Төлеген өз кәсібін толық игеру, білім-ғылыммен қарулану қажеттігін айта­ды. Төлегеннің сөзінше, білімі бекем жастың алар асуы биік, басқан әр қадамы нық болмақ.

Іс-шараның панельдік сессиясы бары­сын­да жастар компания басшылығына түрлі сауалдар қойып, пікір алмасты. «Инно­ва­ция­лар мен стартаптар» сессиясы аясында қа­ты­сушылар инновациялық мазмұндағы 9 жо­басын ұсынды. Олардың ең үздігін сараптау комиссиясы анықтайтын болады.