«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойғаны белгілі. Осыған орай партияішілік іріктеу (праймериз) туралы мəселелерді түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясы Ақмола филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов партия активімен онлайн форматта семинар өткізді.
«Праймериз өткізу ережесіне сәйкес, партия тізімінде әйелдердің үлесі 30 пайыздан, ал жастар 20 пайыздан кем болмауы тиіс. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. «Nur Otan» партиясы жастарды басты кадр резерві ретінде көреді, – деді ол.
Жалпы, облыста праймеризге қатысқандар мен партияластарына дауыс берушілер саны 276 бастауыш партия ұйымдарынан – 40 108 адам.
Праймеризге дайындық барысында Ақмола облысында дауыс беретін 248 орын анықталды. Праймеризді өткізу бойынша облыстық және аумақтық филиалдарда ұйымдастыру комитетінің және есеп комиссиясының құрамы анықталды. 200-ден астам алаңда үш деңгейде көпшілік дебат өткізіледі.
Активте партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары праймеризге үміткерлерді қатыстыру тәртібін түсіндірді.
«Праймериз қатысушылары үгіт-насихат жұмыстарына көңіл бөлуі тиіс. Оның ішінде партия мүшелеріне партия бағдарламасының мазмұнымен түсіндіруде басымдық беру қажет», – деп толықтырды ол.