Студенттік жатақханаларды салу бойынша субсидиялау мөлшерлемесі 9%-ға дейін көтерілді
Студенттік жатақханаларды салу бойынша субсидиялау мөлшерлемесі  9%-ға дейін көтерілді
314
оқылды

Бизнестің кез келген түрі, оның ерекшелігіне, ауқымы мен географиясына қарамастан, қаржылық қолдауды қажет етеді. Көптеген жағдайда оның құралы ретінде банктік несие­лер жүреді. Бұл жерде ең бас­тысы– пайыздық мөлшерлеме­ден бастап, өтеудің жеңіл кезе­ңіне дейінгі қолайлы шарттарды таңдау. Әйтсе де, кез келген қарыздың тартымдылы­ғы еселене түсетін бір-ақ сөз бар, ол – «субсидия».

Субсидиялар туралы кіріспе мақала атауымен қалай байла­нысты? Бәрі оп-оңай – бұл жердегі мәселе студенттік жатақханаларды салуға арналған субсидиялар ту­ралы болып отыр. Соңғы екі жылда бизнестің осы бағыты бірқатар артықшылыққа ие болды. Осы ретте, арнайы тетік әзірленді. Оның концептісі студенттер тұ­ратын үй-жайлар салуда бизнестің мемлекетпен әріптестігіне негіз­делген. Оның бірегейлігі сонда – ғи­мараттың меншік иесінде мақ­сат­ты мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен ақша ағын­да­рына кепілдік берілуінде. Бы­лай­ша айтқанда, мемлекет әрбір сту­денттің тұруына 300 мың тең­геден астам ақша төлеуге дайын. 
Мемлекеттің бұл мәселеге қа­тыс­ты алаңдаушылығы орын-жай­лардың тапшылығымен ғана емес, сондай-ақ оның өсу перспек­тива­сымен де байланысты. Демо­гра­фиялық ахуалға ең қысқа талдау жа­сағанның өзінде, алдағы уақыт­та елде 2000 жылдардағы baby-boom-ның нәтижесі болып табы­ла­тын студенттік контингенттің күрт ұлғаюын болжауға болады. Осы ма­қаланың мән мәтінінде бұл – сұраныстың тұрақтылығы мен құ­­рылатын бизнестің перспек­тивалылығы тұрғысынан, кәсіпкер үшін айқын басымдылық. 
Мақаланың негізгі тақырыбына көше отырып, оның релевантты­лы­ғын ерекше атап өту керек. Осы­дан бір ай бұрын ғана студенттік жатақханаларды салуға арналған банктік кредиттерді субсидиялау мөлшерлемесі 7-ден 9%-ға дейін кө­терілді. Бағдарламаға қатысушы банктер қазіргі уақытта кредит мөлшерлемесін субсидиялау шарт­тарында 7 жылға дейін алғашқы қа­рыздарды (займдар) ұсынуда. Бұл ретте банктің максималды мөл­шерлемесі 15%-дан аспауы тиіс. Осылайша, жатақхананы салу үшін түпкілікті мөлшерлеме не­бә­рі 
6%-ды құрауы мүмкін. Сондай-ақ тар­тылатын қарыздың (займның) сомасы шектелмегендігін де айта кеткен жөн. 

инфографика 01.jpg

Жобаларды субсидиялау жал­пы қоры 600 млрд теңгені құрай­тын «Қарапайым заттар эконо­ми­касы» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Бағдарламаның операторы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ. Толығырақ ақ­парат алу үшін www.damu.kz сай­тына немесе 8 (727) 244-55-66(77) телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар.  
Сонымен қатар студенттік жатақханалар құрылысын қолдау тетігі туралы мазмұнды кеңесті 
8 800 080 28 28 (қоңырау шалу те­гін) телефон нөмірлеріне хабар­ласып, немесе www.studdom.kz сайтынан алуға болады.  

«Қаржы орталығы» АҚ