Бизнестің кез келген түрі, оның ерекшелігіне, ауқымы мен географиясына қарамастан, қаржылық қолдауды қажет етеді. Көптеген жағдайда оның құралы ретінде банктік несиелер жүреді. Бұл жерде ең бастысы– пайыздық мөлшерлемеден бастап, өтеудің жеңіл кезеңіне дейінгі қолайлы шарттарды таңдау. Әйтсе де, кез келген қарыздың тартымдылығы еселене түсетін бір-ақ сөз бар, ол – «субсидия».
Субсидиялар туралы кіріспе мақала атауымен қалай байланысты? Бәрі оп-оңай – бұл жердегі мәселе студенттік жатақханаларды салуға арналған субсидиялар туралы болып отыр. Соңғы екі жылда бизнестің осы бағыты бірқатар артықшылыққа ие болды. Осы ретте, арнайы тетік әзірленді. Оның концептісі студенттер тұратын үй-жайлар салуда бизнестің мемлекетпен әріптестігіне негізделген. Оның бірегейлігі сонда – ғимараттың меншік иесінде мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен ақша ағындарына кепілдік берілуінде. Былайша айтқанда, мемлекет әрбір студенттің тұруына 300 мың теңгеден астам ақша төлеуге дайын.Мемлекеттің бұл мәселеге қатысты алаңдаушылығы орын-жайлардың тапшылығымен ғана емес, сондай-ақ оның өсу перспективасымен де байланысты. Демографиялық ахуалға ең қысқа талдау жасағанның өзінде, алдағы уақытта елде 2000 жылдардағы baby-boom-ның нәтижесі болып табылатын студенттік контингенттің күрт ұлғаюын болжауға болады. Осы мақаланың мән мәтінінде бұл – сұраныстың тұрақтылығы мен құрылатын бизнестің перспективалылығы тұрғысынан, кәсіпкер үшін айқын басымдылық.
Мақаланың негізгі тақырыбына көше отырып, оның релеванттылығын ерекше атап өту керек. Осыдан бір ай бұрын ғана студенттік жатақханаларды салуға арналған банктік кредиттерді субсидиялау мөлшерлемесі 7-ден 9%-ға дейін көтерілді. Бағдарламаға қатысушы банктер қазіргі уақытта кредит мөлшерлемесін субсидиялау шарттарында 7 жылға дейін алғашқы қарыздарды (займдар) ұсынуда. Бұл ретте банктің максималды мөлшерлемесі 15%-дан аспауы тиіс. Осылайша, жатақхананы салу үшін түпкілікті мөлшерлеме небәрі
6%-ды құрауы мүмкін. Сондай-ақ тартылатын қарыздың (займның) сомасы шектелмегендігін де айта кеткен жөн.
Жобаларды субсидиялау жалпы қоры 600 млрд теңгені құрайтын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Бағдарламаның операторы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ. Толығырақ ақпарат алу үшін www.damu.kz сайтына немесе 8 (727) 244-55-66(77) телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар.
Сонымен қатар студенттік жатақханалар құрылысын қолдау тетігі туралы мазмұнды кеңесті
8 800 080 28 28 (қоңырау шалу тегін) телефон нөмірлеріне хабарласып, немесе www.studdom.kz сайтынан алуға болады.
«Қаржы орталығы» АҚ