Несиелік қарыз: 507 мың адам тізімге енген, өзгелер қайтпек?
Несиелік қарыз: 507 мың адам тізімге енген, өзгелер қайтпек?
326
оқылды

29 тамыз күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, 507 мың адамның несиесі кешірілетіні анықталғанын хабарлаған. «Осы күнге дейін Бірінші кредиттік бюроға 2 миллион 289 адамға қатысты мәлімет жіберілді. Несие бюросы барлық мәліметті алған соң оны екінші деңгейлі банктердің базасы бойынша тексереді. Осыдан кейін ол мәліметтер проблемалық несиелер қорына жіберілді. Десе де, сұрақтар әлі көп түсіп жатыр. Мәселен, отбасындағы 2 адам несиелерінің біріккен сомасы 3 млн теңгеден аспаса, онда олардың да несиелік берешегі өтеуге жатады. Мұндай жағдайда бір отбасының, яғни ерлі-зайыптының 600 мың теңгеге дейінгі несиелік қарызы жабылады», – деді вице-министр.

Естеріңізде болса, осы жыл­дың 26 маусымында ҚР Президенті Қ.Тоқаев кепілсіз тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін есептеп шығаруды қарастыратын «Азаматтық борыштық жүктемесін азайту жө­ніндегі шаралар туралы» Жар­лыққа қол қойған бола­тын. Жарлыққа сәйкес банк­тер мен микроқаржы ұйым­да­рын­да кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар 5 санаттағы азаматтар үшін бір реттік ак­ция тәртібінде мемлекет жал­п­ы көлемі 300 мың теңгеге дейінгі негізгі борышты және ол бойынша есептелген өте­ма­қыны төлегелі отыр. Бұқара бұл жаңалықты қуана қабыл­да­ған. Дегенмен негізгі бір шарт бар. Бұл ретте, азаматтар­дың жалпы қарызы осы жыл­дың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Президент Жарлығынан кейін екі ай мерзім ішінде ат­қарушы, тиісті органдар тұр­ғындардың несиелік қарызын санап шықты. Мемлекеттің есебінен жабылатын кепілсіз не­сиенің мөлшерлі сомасы да бел­гілі болғандай. 2019 жыл­дың 20 тамызында ҚР Ұлттық банк төрағасының орын­ба­сары Олег Смоляков мәлімде­ген­дей, анықталған 507 мың қа­рызы бар адамдардың бере­шегінің жалпы сомасы – 105 млрд теңге.

2019 жыл­дың 20 тамызында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдегендей, анықталған 507 мың қарызы бар адамдардың берешегінің жалпы сомасы – 105 млрд теңге.


Әйтсе де, халықтың едәуір бөлігінің банк алдындағы қа­ры­зы өтелгенімен, тұрғын­дар­­ды мазалайтын сұрақтар әлі де көп секілді. Оған соңғы күндері әлеуметтік желілерде жазылып жатқан пікірлер куә. Біреулер несиесі жабылғаны ту­ралы телефонына смс ха­бар­лама келгенін сүйін­шілеп жат­са, енді бі­реулер аталған ті­­зім­нен аты-жөндерін таба ал­­май пұшай­ман күйге түсу­де. Солардың бірі – көпбалалы әке, журна­лист Азамат Кеңе­сұлы. «Мен 111 жедел кө­мек ор­та­­лығына ха­бар­ла­сып біл­дім. Менің ті­зімге енбеген се­бебім, біз 2000 жылы некеге тұр­ғанбыз. Ал ол кезде некеге тіркелу сандық базаға енгі­зіл­мепті. Ол база тек 2008 жыл­дан бастап жұ­мыс істеген. Ба­зада жоқ бол­ғандықтан Ең­бек және ха­лық­ты әлеумет­тік қорғау ми­нистр­лігі бізді базадан көрмейді. Сол себепті «тізімге ілінбей қалғансың­дар» деп түсіндірді. Енді өзім­нің тұрғылықты жерім бойын­­ша Азаматтардың хал ак­ті­лерін тіркеу (АХАТ) бөлі­міне барып, некемді сандық базаға енгізуім керек екен. Бір сөзбен айтқанда, табан тоз­дырып біраз жүгіруің қажет. Бірақ маған бір нәрсе түсінік­сіз: мемлекет есебінен несиесі өтелуі тиіс ешқандай кате­го­рияға жатпайтын адам­дар­дың несиесі өтеліп жатыр. Тіпті шот­тарына артық ақша түсіп жатқанын айтып жат­қан­дар бар, – дейді ол. Еліміз­дің Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі­гі­нің ай­туын­ша, тұрғын­дар­дың өз аты-жөндерін тізімнен таба алмауының тағы бір себебі –көп­балалы отбасының мем­­лекеттік органдарға жәр­де­м­а­­қы алу үшін жүгін­бе­уіне және ешқандай ақпараттық жүйеде бол­мауына байла­ныс­ты болуы мүмкін. Сондай-ақ ми­нистр­­лік қазіргі сәтте eGov порталында статусты анық­тайтын арнайы қызмет жұ­мыс істеп тұрғанын, әр қазақ­стан­дық ЭЦҚ арқылы портал­ ға тіркеліп, ЖСН енгізу ар­қы­лы толық мәлімет алуына жағ­дай жасалғанын айтып отыр. «Егер тізімде болмаса, азаматтар ҚР Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің базасында жұ­мыс істейтін call-орта­лық­қа 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефон нөмірлері ар­қы­лы хабарласа алады, онда олар­ға әрі қарай не істеу ке­рек­тігі туралы кеңес бері­ле­ді» делінген министрлік хабар­ла­ма­сында.

Алайда редакциямызға хабарласып жатқан оқырман­дар министрліктің 1411 мен 111 деген нөмірлеріне таңнан кеш­ке дейін хабарласып, сөйлесе алмағанын айтады. Ке­піл­сіз несиені кешіруге беріл­ген мерзімнің бітетін күні 9 қыркүйек, яғни екі күн қалды. Ал банктер мен Ха­лыққа қызмет көрсету орта­лық­тарына ағылған жұрттың аяғы басылар түрі көрінбейді.


Ербол АЗАНБЕК.JPG

Ербол АЗАНБЕК, 
қоғаммен байланыс маманы:

– Жауапты мекемелер не­сиенің бір бөлігін кешіру туралы толық ақпарат та­рат­пады, халыққа дұрыс түсіндірмеді. Бұл – біздегі қо­ғаммен байланыс қыз­ме­тінің тағы бір нашар мы­са­лы. Сайт арқылы тексеруді енді қосты. Бірақ оған кіру­шілердің көптігінен бір іс­теп, бір істемей тұр. ХҚО-ға сабылған адам көп. Call-ор­талығына хабарласа алмай отырғандар да көп. Азамат­тар сұрақтарына жауап таппаған соң банктердің бө­лімшелеріне келіп жатыр. Банк­тердің call-орталық­тарына толассыз қоңырау түсуде. Бірқатары істемей тұр. Бұл жұмыс БАҚ ар­қы­лы ег­жей-тегжейлі түсін­ді­рілуі керек еді. Әлеуметтік же­ліде сұрақтарға жауап бе­ріп отырған мамандар та­ғы көрінбейді. БАҚ, әлеу­мет­тік желі, мессенджерлер ар­қылы неге нұсқаулық та­рат­пайды? Неге елде сұрақ көп? Бұл үлкен ақпараттық нау­қан болуы керек еді. Өкі­нішке қарай, олай бол­ма­ды.