«Astana Marathon – 2019»:Жүгіруді білгенмен, жинап жүруді үйренбеппіз
«Astana Marathon – 2019»:Жүгіруді білгенмен, жинап жүруді үйренбеппіз
5,296
оқылды

Кеше ел астанасында өткен марафонға қатысты әлеуметтік желіде адамдар түрлі пікір айтып жатыр.

Біреулер марафоншылар қала көшелерімен жүгіріп, жолды бөгеді десе, енді біреулер олардың соңында қалған қоқысты айтып шағым айтуда. Тіпті, желіге көшеде қалған пластик құтылардың суреті де жарияланды. 
Мәселен, facebook-те Abay Kozhamzharov «Адамдар, шындарыңызды айтыңыздаршы, кім жүгірді, мына құтыларды кім лақтырды?» деп жазса,  Анар Базмухамбетова «Марафон – керемет, ал мынау керемет емес» деп қоқысты меңзеп жазба қалдырған.
Еске сала кетейік, кеше елордада 5 мыңнан астам адам қатысқан «Astana Marathon – 2019» халықаралық марафоны өз мәресіне жетті.