2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында Ұлттық қорға салық пен төлемдерден 2 трлн теңге қаржы түсті. Бұл туралы lsm.kz жазды.
Аталған көрсеткіш 2018 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,2%-ға өскен. Қорға аударылған ақшаның үлкен бөлігі Атырау облысына тиесілі (846,2 млрд теңге), БҚО-дан (500,1 млрд теңге) және Маңғыстау облысынан (389,8 млрд теңге) түскен.
Сондай-ақ, Қызылорда облысынан 150,1 млрд теңге түсім түссе, Ақтөбе облысы – 98,3 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – 40,5 млрд теңге, Ал, Алматы – 9,2 млрд теңге аударған.
Түркістан облысынан түскен төлемнің көлемі 7 млрд теңгені құрап отыр. Бұл тұрғыда, ШҚО – 3,1 млрд теңге, Алматы облысы – 114,6 млн теңге, Жамбыл облысы – 9,5 млн теңге, Қарағанды облысы – 3,3 млн теңге аударса, Ақмола облысынан түскен қаржы – 2,3 млн теңге.
Сегіз айда Павлодар облысы Ұлттық қорға 484 мың теңге, Шымкент – 349 мың теңге аударған.